«Ұлан» Еуропаны аралап қайтты

Еуропаға жасаған бір айлық сапарым барысында «Ұланды» да өзіммен бірге алып жүрген едім. Сол жақтың балаларымен сөйлесіп қалған сәтте қолдарына дереу газетті ұстата қоямын. «Ұланды» парақтап шыққан соң, бәрі де «very good» деп, бас бармағын көрсе-тіп жатты. Естелік болсын деп, әрқайсысын суретке түсіріп алдым. Сонымен, суреттер сөйлесін:

Марко екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильинді білетін болып шықты.

Венеция (Италия). Гранд канал.

«Қазақстан? Міне, мына жерде тұрасыздар ғой?!», – деп,

Этэль мен Марджит біздің елді картадан көрсетіп берді.

Будапешт (Венгрия). Әулие Стефан храмы.

«Қазақтың қымызы біздің елде де сатылады ғой. Өте дәмді-і-і», – деп тамсанды Герард.

Мюнхен (Германия). Мариенплатц алаңы. Жаңа ратуша ғимараты.

«Менің Алматыда тұратын құрбым бар», – дейді неміс қызы Ирэна Петерс.

Берлин (Германия). Рейхстаг.

9-сыныпта оқитын Касия мен Агниешкаға «Сәлем, достар!» деген сөзді үйреттім.
Варшава (Польша). Мәдениет және ғылым сарайы.

«Қазақтың қыздары өте сұлу екен», – деп жымиды нидерландтық Августа Гелдоф.
Амстердам (Голландия). Дам алаңы. Король сарайы.

«Қазақстан! Назарбаев!» – деп ә дегеннен австриялық Даниель Елбасымызды атады.

Вена (Австрия). Жаратылыстану музейі

Ал Войтек болса, келер жылы Астанаға барамын деп уәде берді.
Краков (Польша). Висла өзенінің жағалауы.

«Ұланның» ғұмыры ұзақ болсын!» – деп тіледі итальян қызы Мария.
Милан (Италия). Орталық алаң. Дуомо соборы.

Ал ағалы-қарындасты Якуб пен Дорота былтыр ғана Алматыда қонақта болыпты.
Прага (Чехия). Тын храмы.

Француз баласы Джозефтің келешекте журналист болғысы келеді екен.
Париж (Франция). Эйфель мұнарасы. 

Поляк ұлы Михоуға естелік болсын деп, газеттің бір данасын сыйға тарттым.
Познань (Польша). Ескі алаң.

Ботакөз ИКРАМОВА
Автордың фотолары
(«Ұлан», №26. 01.07.2014)

Сізге ұнауы мүмкін...

1 пікір

  1. Мейрман айтады:

    Керемет! «Ұланымызды» Еуропаның балаларының қолынан көру керемет сезім сыйлайды екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: