Мұхит Тұрсынов – Қазақстан Барысы

Алтайдың ақиығы, шығысқазақстандық баулан Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысы – 2014» турнирінің жеңімпазы атанды. Мұхит жарыс алдында: «Қазақстан Барысының» екі маусымына қатысып, жүлдесіз қалдым. Ендігі мақсатым – биылғы сында үздіктер қатарынан көріну» деген болатын. Сол мақсатына жетті.

«Қазақстан Барысы» турнирінің екінші айналымда 140 келілік жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев өзінен 45 келі жеңіл Мұхиттан жеңіліс тапты.

Ширек финалда Мұхит маңғыстаулық Мейрамбек Жаңабайды, ал жартылай финалда қызылордалық Руслан Әбдірзақовты сан соқтырды. Финалда қарағандылық Асыл Бәрменовтің жауырынын жер иіскетті. Осылайша, Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысы» атағымен қоса Алтын белбеу мен Тайтұяқтың иегері атанды. Қола жүлдеге қызылордалық Руслан Әбдірзақов, күміс жүлдеге қарағандылық Асыл Бәрменов  ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхит осы айдың басында ғана Талдықорғанда өткен турнирде 90 келі салмақ бойынша топ жарған болатын. Бұдан бөлек Тұрсынов дзюдо мен самбодан спорт шебері. Қазақ күресінен 2011 жылғы Әлем Кубогының иегері.

Тұрсыновтар отбасы түгелдей спортпен шұғылданады. Әкесі Шыңғыс Тұрсынов – қазақ күресінен елімізге танымал жаттықтырушы. Шыңғыс аға Мұхиттың да жаттықтырушысы.

zhasorken.kz

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: