Асхат Еркімбай: «Ұланға» жарияланған алғашқы мақалам

Осы мақала шыққанда марқұм анамның қуанғаны есімде. Үйдегілер менің көзімше жетістіктерімнің айтылғанын ұнатпайтынымды жақсы білетін.

Бұл шағын әңгіменің басты кейіпкеріне туған інімнің атын қоймай, немере інімнің атын қойғандағы ойым да осы еді. Газетке шыққанымды көріп қойып, үйдегілер қатты қуанып кетпесін деп, поштадан «Ұланды» бірінші болып алып, ешкімге көрсетпей тығып қоятынмын.

Бұл газетті тығып үлгермей қалғанмын. Содан анам газетті алды да, маған қарап бір күлімсіреп, үйден шығып кетті. Этаждағы күллі көршілерге барып, сүйінші сұрап шықты. Содан күллі көрші біздің үйге жиналған. Қарап отырсам, соным балалық қой.

Өзімді өзімше үлкен сезінген түрім. Анам менің жетістігіме қуанып жатса, оның несі айып екен деймін қазір. …

Кейін әкемнің жаназасын шығарған күннің кешінде шкафтағы киімдерін жинастырып жатқанмын. Шкаф түбінен бір визитка тауып алдым. Негізі әкем менің таңдауымды іштей құптаймайтын болар дейтінмін. Біздің әулеттегінің бәрі дерлік шахтер, кенші т.с.с. кен саласының маңайында ғой. Сөйтсем, әлгі визитика менікі екен. Кезінде Azamat.kz деген газет шығып, сонда Бас редактор орынбасары болғанмын. Сол кезде жасатқан визитикам ғой.

Әкем марқұм өмірінің соңына дейін сол визитиканы шкафтың түбінде маған көрсетпей сақтап жүріпті ғой…

«Ұланға» жазған әрбір мақала, олардан келген әрбір хат, «Ұлан» арқылы тапқан достарым бәрі-бәрі есімде. Күні кеше Канат досым да «Ұланға» пікір қалдырып, біраз шындықты айтып тастапты.

Журналистер, мерекелеріңмен! Мақаланы тауып жариялаған Karlygash, өзіңе көп рахмет!

Асхат Еркімбай

http://urimtal.wordpress.com

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: