Мен не деймін, мультфильм не дейді?

Бір танысымның 1-сыныпта оқитын баласы жүрген жерінде пицца алдырады екен. Дүкенге кірсе де, саябаққа барса да, іздейтіні – пицца. Тіпті, ата-анасына: «Кешкісін жұмыстан қайтарда пицца ала келіңдер!» деп тапсырма беретін көрінеді. Күндердің бір күні әкесі одан: «Неге осы пиццаға аңсарың ауады да тұрады?» деп сұрамай ма?! Сөйтсе, балақай мультиктегі ниндзя-тасбақаларға еліктейді екен. Жер астын мекен ететін жаужүрек тасбақалар әр серияда пицца жеп отырады емес пе? Соған балақай қызыққан. Дүниедегі ең дәмді, ең пайдалы тағам пицца деп ойлаған.

Иә, бүгінгі таңда баланы ата-ана ғана емес, теледидар мен ғаламтор да тәрбиелеп жатыр. Үлкен-дер балаға «ананы жеме, мынаны ішпе» дейді. Ал балалар кинодағы, мультиктегі қаһармандарды үлгі тұтады. Олар не жесе, соны жегілері келеді. Не ішсе, соны ішкілері келеді. Мұның сыртында жарнама деген тағы бар. Телеарналар мульфильм көрсете қалса, міндетті түрде арасына «коланың», «фантаның», чипсы мен «сникерстің» жарнамасын қыстырады. Және оны 10-15 минут сайын қайталайды. Осыдан кейін біздер – үлкендер сендерге қалай ақыл айтпақпыз?! «Фаст-фуд зиян», «кола» қауіпті» дегенге қалай иландырмақпыз? Қиын шаруа… Өйткені, «мен не деймін, мультфильм не дейді?» деген заман тұр басымызда.

Бағдат Мәжитов

(«Ұлан», №24. 17.06.2014)

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: