«Аялаған Астана» байқауы финалистерінің есімі белгілі болды

Жуырда сарапшылар балаларға арналған ұлттық музыкалық «Аялаған Астана» телевизиялық  байқауы финалистерінің есімдерін анықтады. Енді финал осы жылдың 4, 5, 6 шілде күндері Астана күніне орай өткізіледі.

Осы жылғы іріктеу кезеңдеріне Қазақстанның 16 қаласынан 8-12 жас аралығындағы барлығы 1000-ға жуық бала қатысты. Жартылай финалға өткен балалар:

Луиза Нұрқуатова (Ақтау қ.);

Замира Сағадиева (Зеренді с.);

Дания Ишанқұлова (Орал қ.);

Мұхамедали Жүгінісов (Астана қ.);

Ділназ Төлеген (Қызылорда қ.);

Диас Омар (Қызылорда қ.);

Анастасия Першикова (Павлодар қ.);

Жахан Қабыкен (Астана қ.);

Малика Смағұлова (Павлодар қ.);

Ділнұр Біржанова (Қарағанды қ.);

Ғалимұрат Әбдіманапов (Астана қ.);

Жанайкерім Өтегенова (Қостанай қ.);

Алдияр Орекен (Екібастұз қ.);

Ясмин Мажитова (Алматы қ.);

Сағынған Қуанған (Астана қ,);

Әділет Мейрамбеков (Астана қ.).

Жаңа таланттарды Қазақстанның жас жұлдыздары тыңдап, өз бағаларын берді. Жартылай финалистер 2014 жылы маусым айында, бір ай бойы Астанадағы музыкалық мектепте өздерінің вокалдық қабілеттерін шыңдап, вокал, сольфеджио, актерлік шеберліктен сабақ алатын болады. Лина Арифулинаның (Мәскеу қаласы) кәсіби мамандары балаларды Руслан Бутабаев жетекшілік ететін «Zaratushtra Band» оркестрінің сүйемелдеуімен өтетін телевизиялық шоуға дайындайды. Финалға дейін 12 концерттік номер дайындалады. Қатысушылардың бірі солист ретінде, екіншілері дуэт, трио болып өнер көрсетуі мүмкін.

Айта кетуі керек, Гран-приді жеңіп алған қатысушы Қазақстанды «Детская Новая Волна» байқауында таныстырады. Оған қоса, 1, 2, 3 орын, көрермендер көзайымы және 1 миллион теңге (ол баланың творчестволық дамуына жұмсалады) көлеміндегі ақшалай сыйақы да бар.

Торғын ӘБУШАХМАН

zhasorken.kz

Сізге ұнауы мүмкін...

7 пікір

  1. Ансаган айтады:

    Орекен Алдияр, ты лучший! Удачи! Голосуем за тебя

  2. Нурлан айтады:

    Орекен Алдияр молодец жилаю удачи! Голосуем только за тебя!

  3. Анастасия айтады:

    Орекен Алдияр,ты самый лучший!Мы верим в тебя!будем голосовать только за тебя!:)

  4. Анара айтады:

    Орекен Алдиярчик!!Наша звёздочка!!!Мы в тебя верим!!

  5. Анара айтады:

    Алдиярчик Орекен!!Наща звёздочка,мы в тебя верим!!))

  6. Диана айтады:

    Орекен Алдияр, удачи тебе!)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: