Samsung деген не?

Балалар, сендерге Apple, Samsung, Motorola, LG сияқты әлемге әйгілі бренд атаулар жақсы таныс. Тіпті, бұл сөздерді күнделікті қолданасыңдар. Дегенмен, олардың мағынасы қандай? Осы сұраққа жауап іздеп көрейікші…

Apple – алма. АҚШ-та Apples Macintosh деген алма сорты жақсы сатылады екен. Стив Джобс фирма ашқанда үш ай бойы ат қоя алмапты. Ол әріптестеріне: «Егер жөні түзу атау таппасаңдар, жобаны Apple дей саламын!» – дейді.  Ақыры солай болады.

Adobe… деп басталатын бағдарламаларды бәрің білесіңдер. Бұл атау АҚШ-тың Калифорния штатындағы Aдобе Крик деген өзенмен тығыз байланысты. Бағдарламаны жасаған Джон Ворноктың үйі осы өзеннің сағасына орналасқан екен.

Adidas – фирманың негізін қалаушы Ади (Адольф) Даслердің қысқартылған аты-жөні.

Yandex – Yet Another Indexer (тағы бір индексатор). Бұл атауды компания директоры Аркадий Волож ойлап тауыпты.

HP (Hewlett Packard) компаниясы құрылғанда қожайындары Билл Хьюлетт пен Дэйв Паккард кімнің тегі бірінші тұрады деп, жеребе тартады. Ақыры Билл жеңеді.

LG – біріккен Lucky және Goldstar компанияларын білдіреді.

Nike – ежелгі грек мифологиясындағы жеңіс құдайы (Ники).

Nintendo – жапон тілінде «көк аспан қажырлы еңбекті қолдайды» деген мағына береді.

Nokia – Финляндиядағы қаланың атауы. Алғашында Nokia компаниясы ағаш өңдейтін зауыт ретінде құрылған екен.

Reebok – африкалық антилопа.

Samsung – корей тілінде «үш жұлдыз» деген мағына береді.

Subaru – жапондар Үркерді (Торпақ шоқжұлды-зындағы жұлдыздар шоғыры) осылай атайды.

Yahoo! – танымал сайттың атауына қатысты үш түрлі жорамал бар. Бірінші нұсқада бұл сөздің «Гуливердің саяхаттары» романынан алынғаны айтылады. Екінші нұсқа бойынша, Yahoo атауы «тағы бір ресми емес иерархиялық сәуегей» деген сөйлемнің алғашқы әріптерінен құралған. Үшінші нұсқа – Yahoo жапон тілінде «сәлем» дегенді білдіреді.

Әзірлеген Бекен ДАТҰЛЫ

(«Ұлан», №20. 20.05.2014)

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: