Қазір қалам ұстағандардың да жеке сайты бар…

Бәрің де туған күнді асыға күтесіңдер, солай ғой! Туған күндеріңе қандай сыйлық алғанды қалайсыңдар? Иә, әрқайсыңның өз қалауларың бар. Ал ақындар мен жазушылар ше? Оларға қандай сый ұнайды?

Мысалы соңғы кездері мейлі үлкен болсын, мейлі кіші болсын, қаламгерлер өздерінің жеке сайттарын ашып жатыр. Сол жерде шығармашылығымен бөліседі. Жаңа шығармаларын жариялайды. Оқырмандарымен сырласады. Керемет емес пе? Сүйіп оқитын жазушыңмен ғаламтор арқылы тілдесудің өзі неге тұрады?

Мұны неге айтып отырмыз. Жуырда өздерің жақсы танитын ақын әпкелерің Бақытгүл Бабаштың туған күні болды. Ақынның туған күніне ІТ маманы Тимур Бектұр керемет сыйлық жасады. Тумир ағаларың Бақытгүл Бабаштың www.baqytgul.kz деген сайтын жасап берді. Тегіннен тегін! Әйтпесе, бүгінде сайт жасау деген оңай дүние емес екенін бәрі де біледі. Айтпақшы, Тимур Бектұр бұдан бұрын ақын Қалқаман Сариннің де жеке сайтын жасаған болатын.

Иә, балалар, заманның талабына сай енді өздерің ұнатқан ақын-жазушылардың әңгіме-өлеңдерін жеке сайттарынан оқуға мүмкіндік бар. Сендерге біз білетін біраз қаламгердің жеке сайттарының тізімін ұсынып отырмыз. Ал балаларға арналған шығармалар оқимын десеңдер, өздеріңнің zhasorken.kz сайттарыңа жиі қонақ болып тұрыңдар. «Ақ желкен» мен «Балдырған» журналдарында, «Ұлан» газетінде жарық көрген әртүрлі шығармаларды осы жерден табасыңдар.

Әбіш Кекілбаевтың сайты http://www.kekilbaev.kz/

Қазыбек Исаның сайты http://www.kazybekisa.kz/

Дүкен Мәсімханұлының сайты www.masimkhanuly.kz

Қойшыбек Мүбарактың сайты http://www.mystic.kz/

Мақпал Жұмабайдың сайты http://www.maqpalsher.kz

Ақберен Елгезектің http://akberen.com/

Қалқаман Сариннің сайты http://kalkamansarin.kz

Бақытгүл Бабаштың сайты www.baqytgul.kz

Ал сен қандай қаламгердің сайты жайлы білесің. Білсең, пікір жазуды ұмытпа! Басқа достарың да біліп жүрсін!

zhasorken.kz

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: