ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ КӨПШІЛІГІ ІШКІ АҒЗАНЫҢ КІНӘРАТТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

Тікелей М-агент

ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ КӨПШІЛІГІ ІШКІ АҒЗАНЫҢ

КІНӘРАТТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ


Газетіміздің өткен санында уәде еткеніміздей, Алматы қаласындағы Аллергия орталығының дерматологы, С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің дерматовенерология кафедрасының доценті, дерматовенеролог Сәния Оспанова 7 қараша күні сағат 12.00-де «Ұлан» газетінің оқырмандарымен тікелей М-агент арқылы сұхбат өткізді. Сұхбат өте қызықты өтті. Алайда кейбір сұрақтар қайталанып жатқандықтан, бәріне толық жауап беру мүмкін болмады. Десе де, дерматолог маман  жеткіншектерді мазалаған көптеген сұрақтарға жауап берді деп ойлаймыз. Балалар «аты-жөнімізді емес, тек электронды поштамызды жазыңыздаршы» деген өтініш білдірді. Олардың өтінішін орындай отырып, сұхбатты қаз-қалпында ұсынбақпыз.

adai.gulnaz[email protected]mail.ru (12:00):

Аллергия, яғни, бөртпелер тұқым қуалай ма?

Сәния Оспанова: (12:01):

Әрине, тұқым қуалайды.

Алмабек Ибрайымов (12:04) :

Кішкене шаңның, құмырадағы гүлдің иісі мұрныма келсе болды, түшкіріп, мазам кетеді. Бұл аллергия ма? Қалай құтыламын?

Сәния Оспанова: (12:05):

Ең алдымен үйді, жеке бөлмені таза ұстау керек. Егер өз бөлмеңде құмыраға отырғызылған гүлдер болса, оның сазын тексеру қажет. Беті көгерсе, жапырақтар солса, топырағын ауыстырған жөн. Ал қонақ бөлмеде кондиционер болса, аллергияға ол да әсер береді. Сондықтан салқын режим мен төмен температураны жиі ауыстырған дұрыс. Бұл споралардың көбеюіне жол бермейді. Кондиционердің шарты бойынша ішіндегі сүлгіні уақытылы ауыстырған дұрыс. Егер бұл сақтық шаралары көмектеспесе, кестин, эриус, клартин деген дәрілерді бір уақыт ішкеннің еш зияны жоқ.

Алмабек Ибрайымов (12:11):

Жауабыңызға рахмет. Кейде компьютерге отырған кезде де осындай жағдайлар кездеседі.

Сәния Оспанова: (12:13):

Шаңның жиналмайтын жері жоқ. Әсіресе, компьютерге көп жиналады. Монитор шаңға арналған нағыз магнит десе болады. Осы шаңды байқамай, онымен бірге демалып, аллергияны қоздырамыз. Сол үшін жұмысты бастамай тұрып, арнайы шүберекпен монитор, тінтуір (мышка), пернетақтаны сүртуді күнделікті әдетке айналдыру қажет.

Ғалия Ибрайымова (12:15):

Сәния апай, менің саусақтарым жиі жарылады. Арнайы қолға арналған кремдер көмектеспейді. Оған не айта аласыз?

Сәния Оспанова: (12:16):

Дәріханада қолға арналған колд-крем деген бар. Осыны пайдаланып көрші. Сосын жылы суға ас содасы мен иіс сабынды кішкене ерітіп, 10 минут отыр. Кейін қолыңды құрғатып, жаңағы кремді жақ. Ең бастысы, қолды суық сумен жумауға тырыс. Кейбір балалар қолды кір сабынмен жуады. Ол мүлдем дұрыс емес.

Ғалия Ибрайымова (12:20):

Менің анам күнге шықса болды, беті қызарып, бөртіп кетеді. Неге?

Сәния Оспанова: (12:22):

Күннен қорғанудың қарапайым жолдары көп. Егер күнге қарсы кремдер көмектеспесе, көзге көзілдірік, басқа орамал, телпек (шляпа) кисе болады. Дәріханада күннен қорғайтын «Юнитон гель»,«Ла Рош-Лозе», «Увеблок» – 50-80 деген кремдерді қосымша жағуға кеңес беремін.

Bahon !!!!! (12:23) :

Терi құрғақ болса не істеу керек?

Сәния Оспанова: (12:24):

Егер беттің құрғақтығынан қысылып, мазасыздансаң дәрігерге көрінгенің жөн. Өйткені, алдымен сенің теріңнің қандай екенін анықтау қажет.

d_smakov.kz@mail.ru (12:26):

Құрметті Сәния, тері ауруларын дер кезінде анықтамаса, адам өміріне қауіпті ме?

Сәния Оспанова: (12:27):

Тері аурулары адам өміріне аса қауіпті емес. Бірақ токсикодермия, эритема деген диагноздардың өзіне жетерлік қауіптілігі бар.

Nurlan Akperov (12:30)

Безеуді сығуға бола ма?

Сәния Оспанова: (12:32):

Безеуді сығуға болмайды. Өйткені, бет терісінің терең қабатынан келген іріңнің тек беткі жағын ғана сығып аласың. Ал қалғаны тері астында қала береді. Ол бір-екі апта жоқ болғанымен, қайтадан шығады. Балалар қолын жумай безеуді сыға салады. Қолда неше түрлі микробтар жүреді. Бұл безеуді одан сайын қоздыра түседі. Сол үшін дәріханада «Эфаклар гель», «Эфаклар дуо» кремін пайдалануға кеңес беремін.

dauletbak dauletbak (12:33):

Сәлеметсіз бе! Сания апай, қазіргі жастарда безеу көп кездеседі. Оның экологиямен байланысы жоқ па?

Сәния Оспанова: (12:35):

Бір жақты айту қиын. Бірақ ауа райы да әсер етеді. Алдымен тамақты жөнге келтіру керек. Себебі жастар жартылай фабрикат, гамбургер, дөнер, чипсы, кириешки, кофе, газдалған сусындарды көп қолданады. Оның соңы асқазан ауруларына әкеліп соғады. Безеу, теміреткі, секпіл осының барлығы асқазанға байланысты.

Togjan Kalibekova (12:37):

Бет тегіс болу үшін не істеуге болады?

Сәния Оспанова: (12:38):

Беттегі кейбір дақ, меңдер тұқым қуалайды. Балалар үшін бетті күнделікті жылы сумен жуғанның өзі жеткілікті. Дәріханадан бала-лардың қолдануына рұқсат етілген «Адвантан»,  «Элаком»,  «Липикар синдет», «Цикаппласт» деген жақпа мазьдарды жағуға болады.

Togjan Kalibekova (12:39):

Кейбір қыздар шашын үнемі жайып жүреді. Бұл бет терісіне зиян емес пе?

Сәния Оспанова (12:40):

Егер бетте безеу, секпіл болатын болса, жайылған шаш ауруды қоздыра түседі. Себебі шаштың ұштарына қоршаған ортаның шаң-тозаңдары тез жабысады. Олар барып бетке жанасады. Өзі іріңдеп тұрған безеуге шаң, микроб түссе, жараның беті жайыла түседі.

Бибінұр Қонысбай (12:42):

Секпіл дегеніміз не?

Сәния Оспанова (12:45):

Секпіл – сопақша пішінді, ашық сары, қара қоңыр түсті дақ. Негізі бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Көктем, жаз айларында көбейіп, қоңырқай дақтарға айналады. Ал қыста бәсеңдейді. Оны бір жола жоқ қылудың жолы жоқ.

Бибінұр Қонысбай (12:47):

Секпілді байқатпауға бола ма?

Секпілдің дағын байқатпау үшін бетті қатықпен, ашыған айранмен сылап, сутегі асқын тотығының 3 пайыздық ерітіндісімен сүрткен тиімді.

Жазғы уақытта бетті лимонның шырынымен сүрткен пайдалы. Секпілді түссіздендіру үшін «Мелан», «Ахромин» кремдерін пайдалануға болады. Бетті жақсылап тазалап алған соң кремді жағып, 40-60 минут ұстап, мақтамен сүртіп тастау керек. Бұдан кейін бетті жуудың қажеті жоқ. Бұл кремдерді күндіз көшеге шығарда жағуға және жүкті әйелдерге пайдалануға болмайды.

Бейбарыс (12:50) :

Безеу жасы үлкен кісілерде де болады. Бұл неліктен?

Сәния Оспанова (12.52):

Безеу – адамның терісіне шығатын бөртпе. Безеудің жас кезде шығатын қарапайым түрі мен ересек кезде шығатын қызғылтым түрі бар. Көбінесе баланың өсіп толысу кезінде (13-16 жаста), жүйкенің ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан бөрткен ретінде пайда болады.  Безеу сығып құртқаннан жазылмайды. Қайта өршіп көбейіп кетеді.  Оны тек дәрігердің нұсқауымен емдеу керек. Безеуі бар адамға көп майлы ет жеуге болмайды.  Қантты, балды, тағы басқа тәтті тағамдарды аз жеу керек.  Көбінесе, көкөніс, сүттен жасалған тағамдар жегені дұрыс. Ұйқысын қандырып, таза ауада серуендеп, спортпен шұғылдануға тиіс.

Бейбарыс (12:56):

Безеудің алдын алуға бола ма?

Сәния Оспанова (12:57):

Бейбарыс, бетің мен денеңді бір сүлгімен сүртесің бе?

Бейбарыс (12:58):

Бокске қатысамын. Сол кезде сүртуге тура келеді.

Сәния Оспанова (12:59):

Міне, бұл дұрыс емес. Бір сүлгімен барлық денеңді сүртсең, микробтардың таралуына көмектесесің. Беттің терісі қалған дененің терісіне қарағанда нәзік. Жастықтың қабын жиі ауыстыру керек.  Жастықтың сырты екі аптадан аса уақыт ауыстырылмаса, бетіңізде микробтарды қоздырып, безеулердің таралуына көмек береді. Бетті қолыңмен сипап, ұстай беруде жаман әдет. Бетің қанша жерден қышып, мазаң кетсе де, алдымен қолыңды сабындап жуғаның жөн.

Марат Қаниев (13:00):

Үлкен кісілер немесе балалар күйіп қалған жағдайда тіс пастасын, сүтті жағады. Осы дұрыс па?

Сәния Оспанова (13:01):

Алғашқы көмек ретінде қолдануға болады. Оның еш зияны жоқ.

Марат Қаниев (13:02):

Күйіктен кейін тыртық қалып қояды. Осыны кетіруге бола ма?

Сәния Оспанова (13:05):

Дәріханада «Цикатикс» деген крем бар. Алайда алдымен күйіктің қай кезде болғанын, қанша уақыт өткенін анықтау керек.

Diko 83-96 (13:10):

Өткенде теледидардан безеудің үстіне алманың шырынын жақса тез кетеді деп айтқан еді. Мен жасап көрдім. Бірақ еш пайдасы болмады.

Сәния Оспанова (13:06):

Айналайын, мұндай нәрселердің толық пайдасы бар деп айта алмаймын. Себебі, халық емі әркімге түрлі әсер етеді. Жоғарыда айтылған дәрілерді қолдануға кеңес беремін.

Ailan* (13:10):

Қазір «Мери Кей», «Орифлейм» сияқты косметика шығаратын фирмалар көп қой. Осыны жас қыздарға қолдануға бола ма?

Сәния Оспанова (13:12):

Егер крем, сықпа мазьдар теріге сәйкес келетін болса, қолдануға болады. Бірақ тым көп қолдану бетті құрғатып жібереді. Ал оқушыларға зиян екенін баса айтқым келеді.

Ailan* (13:15):

Мен мектепте оқимын. Бетіме опа жағуыма бола ма?

Сәния Оспанова (13:15):

Әрине, болады. Бірақ балаларға арналған кремдерді ғана.

Тікелей М-Агентті жүргізген

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

(«Ұлан», №46,13.11.2012)

Сізге ұнауы мүмкін...

9 пікір

  1. Махсат айтады:

    Безеузи калай кетируге болады ?

  2. Салеметсизбе Сания апай?Жасым 37де.Бетіме аллергия жиі шыга бастады.Аллергологга барганымда маган цитрустан,куырылган тамактан,тосаптардан бас тартыныз деді.Жазып берген дарілері элаком кремі,ксизал ,кетотифен таблетка жаксы комектеседі ішпесен кайта шыгады.Кандай шөп дарімен уйде емдеуге болады.

  3. Жаркынай, саламатсыз ба, сиздин сурагынызга журналымыздын алдагы санында миндетти турде жауап жазамыз. Ягни аллергиядан кутылу, емделу туралы материал жазамыз.

  4. Әлшерова Сымбат айтады:

    сәлеметсіз бе Сәния апай?менин жасым 12де менін анам банан жесе болды аллергия шығып кетеді дәл казір маган катты көмек керек көмектесіңіші өтінем

  5. Алмагуль айтады:

    Саламатсыз ба,Сания. Мені мазалап жүрген аяғыма қызарып күйген сияқтыбірдене. Қол тигізбей ауырады.только аяғымда әсіресе санымда көп.журсемде отырсамда пуырады . Дәрігерге баруға қорқамын диогнозды дұрыс қоймаса қайтем деп.Қыздарым әлі жас. Не болуы мүмкін,қандай совет берер едіңіз.Рахмет.

  6. damira айтады:

    salemetsiz be Sania tate menin kolyma posuda jusam boldy allergia wygyp ketedi .Odan kalai kutyluga bolady ? Komektesip jiberseniz?!Aldyn ala rahmet!

  7. молдир айтады:

    салеметсизбе.8айлык сабидин аллергиядан бетине шыккан жараны калай кетируге болады?

  8. Салтанат айтады:

    Саламатсызба! Менин мурным мен иегимнин астында кызыл кулдиреп туратын сиякты жаралар бар кышиды және кабыршыктанып кетеді ол неден және калай емдеуге болады .

  9. Мәке айтады:

    Балаларға арналған АДВАНТАН 0,1 кремнің көп пайдаланғаннан ағзаның басқада жерлеріне зияны болмай ма екен, соны білгім келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: