БІРЕУДІҢ ХАТЫН ОҚУҒА БОЛА МА?

«Шарапат» имандылық отауы

АЛДАМШЫ ОЙДЫҢ АЗАБЫ


Шынайы мұсылман әрдайым кішіпейіл. Жүрегіне иман ұялаған жан. Ол адам өзінің Алла Тағаланың құлы екенін терең ұғады және әркез есінде сақтайды. Ұмытпайды. Өзін өзге жұрттан бөлек көрмейді. Жұрт қатарлы сезінеді. Жарық дүниені көрсеткеніне, ақыл, сана, саулық бергеніне, ағайын-тума, дос-жаранмен жолықтырғанына, түрлі игіліктерге жеткізгеніне әркез шүкіршілік етіп жүреді. Керісінше ондай жан Жаратушы Иесінің мейірімінен тыс қалудан қатты қорқады. Сол себепті де шынайы мұсылман мадақ-мақтаудың өзіне емес, Алла Тағалаға арналуын ынты-шынтысымен қалап тұрады. Алда-жалда әлдекім өзіне арнап Шығыстың ақыны Фирдаусидің жырындай мақтау айтса да өзін «сондай екенмін» деген алдамшы ойға берілмейді. Сыпайы қабылдайды.

Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың сахабаларының бірі Әбу Бәкір Алланың соңғы Елшісінің мінез-құлқына, үлгілі ісіне қарап, үнемі бой түзейді екен. Мақтануға жаны қас болыпты. Басқалар мақтаса, ұяттан жүзі қып-қызыл боп кетеді екен. Дереу қолын жайып: «Иә, Раббым! Сен менің қандай екенімді менен әлдеқайда жақсы білесің. Ал мен өзімді өзгелерден жақсы білемін. Халықтың менің бойымнан көргісі келген жақсылықтары мен ізгіліктерін шынымен де маған нәсіп ет! Басқа адамдар білмейтін жасырын күнәларымды кешір! Жұрттың мен туралы айтқан жылы лебіздеріне масаттанып, өз-өзімді жақсы көруден, тәкаппарлыққа салынудан сақтай гөр!» – деп дұға етеді екен.

Былайғы жұрттың марапат-мақтауын күтпеу, қошемет тілемеу – қай мұсылманның да ішкі жан дүниесі байлығының көрсеткіші.

БЕЙБІТШІЛІК ДІНІ

Аллаға бас ию, Оның бар және бір екеніне жүрекпен сену, иман келтіру – сөзсіз мұсылманның ісі. Діндердің ең жақсысы, ең әділі – Ислам. Ислам – бейбітшілік, есендік және тыныштық деген мағынаны береді. Одан бөлек Алла мен Оның елшілеріне бағыну, бақытқа бөлену, күллі тіршілікке қауіпсіздік таныту дегенді де қатар ұқтырады. Ислам дінінің ішкі маз-мұны иманға негізделген. Сыртқы мәні мойынсұну мен ізгі амалға сүйенеді. Ислам діні бауырмалдыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа шақырады. Адами қасиеттердің асыл үлгілеріне тәрбиелейді. Сол себепті де біз қа-сиетті кітап – Құран қағидаларын, адамзаттың шамшырағы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін үлгі тұтамыз. Үйренеміз. Өйт-кені, сол арқылы ғана екі дүниеде де жақсылыққа кенелетінімізді түсіне-міз.

Ислам – Ақиқат жолы. Әрбіріміз осы жолмен жүруге талпынсақ, жүзіміздің жарқын, жүрегіміздің ақ боларына сенімдіміз. Дінін білмейтіндер менің ойымша, өзін де білмейтіндер. Өзін білмейтін жан өзгелерге, ұрпағына не үйрете алады. «Біссіміллә» деген қасиетті сөзді де үйрете алмайды. Өкінішке қарай, мұндайлар ортамызда әлі күнге бар. Мал-мүлік, байлық деп жүріп, бес күндік жалған дүние – қысқа ғұмырының мәнін де ұға алмай о дүниеге озады.

Ең бақытты адам – өз нәпсісіне ие болған адам екен. Сахабалардың бірі Әбу Үбайда ибн Жәррах: «Адамның абзалы – Алланы танып, ақырет үшін амал жасағаны» деген екен. Жаратқан Иені тек қажет, бірнәрсе керек болған кезде ғана еске түсіру – қате. Тойып, толып отырғанда да «өз күретамырынан да жақын көріп»  сезінуіміз керек екен. Иманды адам ең әуелі өзіне өзі қорған. Елінің де нағыз қорғаны. Ойы анық, сенімі қуатты. Ондай жан туып-өскен отбасының, ауылының атамекен-елінің де қорғаны. Мен де сондай азаматша болғым келеді. Арманым үлке-е-ен!..

Айдана ЖҰМАДИНОВА,

№82 Қаратерең орта мектебінің

10 «А» сынып оқушысы.

Арал ауданы,

Қызылорда облысы

Біле жүр…

ШӨЛДЕН КЕЛГЕН ШИПАЛЫ ЖЕМІС


Дастарханымыздан үзілмейтін құрма – жәй ғана жеміс емес, дәрумендер қоймасы. Деніміздің саулығының шипасы.

Құрманың құрамындағы фосфор ми жұмысын жақсартады. Жүйке талшығының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шаршағанын басады.

Құрмада В1 және В2 дәрумендері жеткілікті мөлшерде. Миды және жүйке жүйесін тынықтырады.

Құрманың қабығы мен сүйегінде де дәрумен көп. Сол себепті дәрігерлер сүйектерін сорып жүруге кеңес береді.

Суық тигенде жөтелге септігін тигізеді. Қақырықты түсіруге көмектеседі.

Адам ағзасындағы қан тамырларын жұмсартады. Және тамырлардың қатаюының алдын алады. Одан бөлек қан құрамын тазалайды. Сонымен бірге, қан қысымын да реттейді.

Шығыс халықтары, арабтар кофе, тағы басқа сусындарды міндетті түрде құрмамен ішеді. Сол себепті олардың ағзасында зиянды холестерин аз болады екен.

Құрманың қуық және бүйрек қабынуында да шипасы көп. Құрма тұнбасы бүйрек тастарының ыдырауына көмектеседі.

Қарағай жаңғағымен бірге желінетін болса, құрма бауырды да тазалайды және қуаттандырады.

Құрмада А дәрумені мол. Сол себепті адамдардың көру қабілетін арттыруда таптырмайды. Ақшам соқырлығынан (куриная слепота) және басқа да жанар дерттерінен қорғайды.

Адамның іші өткен кезде немесе бірдеңе ұнамай құсқан кезінде ағзадағы су, тұз, калий, натрий, глюкоза азайып кететіндіктен, құрманы молынан жеген дұрыс. Өйткені, осы дәрумендердің бәрі құрманың құрамында бар.

Тағылым

ДҮНИЕ СҮЙІСПЕНШІЛІГІ

Имам Ағзам Әбу Ханифа шәкірттеріне дәріс оқып тұрғанда әлдекім келіп:

– Сіздің саудаға деп жіберген заттарыңыз артылған кеме суға батып кетіпті, – дейді. Мұны естіген имам аз-кем үнсіз қалып, «әлхамдулилләһ»  дейді. Әлден уақыт өткенде тағы

бір адам келіп:

– Айыпқа бұйырмаңыз, бізден бір қателік кетіпті. Батқан кеме сіздікі емес екен, – дейді. Сонда Имам Ағзам тағы да аз-кем ойланып тұрып қалыпты. Содан кейін:

– Әлхамдулилләһ, – дейді. Осы оқиғаға бастан-аяқ куә болып отырған шәкірттерінің бірі қызығушылықпен екі хабарға да неге «әлхамдулилләһ» деу себебін сұрайды. Хазіреті Имам:

– «Кемеңіз батты» дегенді естігенде, назарымды жүрегіме аудардым. Ешқандай қынжылу, реніш байқалмады. Кейінірек хабардың қате екенін естігенде тағы да жүрегімді тыңдадым. Ешқандай қуаныш сезімін байқамадым. Жүрегім бірқалыпты сабыр сақтады. Екеуіне де «әлхамдулилләһ» деу себебім – байлық, дүниелік нәрселерге жүрегімде ешқандай сүйіспеншілік, жақсы көру сезімі жоқ екенін түсінгендіктен, Аллаға мадақ айттым, – дейді.

Сауалхана

БІРЕУДІҢ ХАТЫН ОҚУҒА БОЛА МА?

Құрметті «Ұлан»! Кейбір достарымның кіммен хат алысатынын, не жазатынын білгім келеді. Жолын тауып немесе паролін бұзып, біреудің электронды хаттарын, компьютеріндегі басқа да жазуларын оқу күнә бола ма?

Сәлеммен Әлия ӘСТАЙ,

№21 мектептің 10-сынып оқушысы.

Талдықорған қаласы


– Өзі рұқсат берген болса, күнә болмайды. Рұқсатсыз қарайтын болсаң – үлкен күнә. Жалпылама рұқсат берген жағдайда, компьютеріндегі, ұялы телефонында бар жазулардың қажетті мөлшерін ғана қарау керек. Басқа не бар, не жоқ деп одан әрі ішін тінтіп шығу дұрыс емес. Осыған байланысты біздің дінімізде түрліше хадис шәрифтері бар:

«Досының жазуына рұқсатсыз қараған адам – тозақ отына қараған болады».

«Досының хатына рұқсатсыз қараған адам – отқа оранғандай болады».

«Рұқсатсыз бір үйдің ішіне қараған – харам іс істеген болады».

Біреудің жеке заттарына, құжаттарына рұқсатсыз көз салу, оны басқаға көрсету немесе айту әдепсіздікке жатады. Харам іс қатарынан айтылады.

Бетті дайындаған Алма ҮМБЕТТЕГІ

(«Ұлан», №46,13.11.2012)

Сізге ұнауы мүмкін...

3 пікір

  1. Орынай айтады:

    Менің ойымшы біреудің хатын оқу ол күнә.Сондықтан біреудің хатын оқымаңыздар.
    Байтуғанова Орынай

  2. Bek айтады:

    Dosim

  3. Bek айтады:

    Dosimnin parolin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: