Жасөркендік тілшілер жаңа эстафетаны бастады

10966815_616530018492860_1369502426_nКеше «Ұлан» газеті мен «Ақ желкен» журналының жас тілшілері ерекше эстафетаны бастады. Несімен ерекше дейсіздер ғой?! Қазір білесіздер…

Жексенбі күні жас тілшілеріміз 28-панфиловшылар саябағындағы буккросинг ұяшықтарына кітап толтырып қайтты. «Буккросинг ұяшықтарында кілең орысша кітаптар тұр екен. Қазақша кітап салып қою қазақ жастарының да қолынан келеді ғой. Қолымызда бар кітабымызды арқалап бардық. Сөйтсек, орыстың ұлы мен қызынан бастап еңкейген қартына дейін  сонда жүр. Керек деп тапқан кітаптарын сол жерден алып оқиды екен. Қазақша кітап жоқ болған соң, қазақ жастары мұндай орынға жиі келмейтін шығар. Біз салғаннан кейін міндетті түрде келеді», – дейді олар бірауыздан.

10968290_616529808492881_197747242_nАлматыда басталған бұл игі бастама басқа да қалаларда жалғасын тапса деген тілек бар. Ол үшін әркім буккросинг ұяшықтары бар кез-келген орындарға (жоқ болса қолдан жасау қиын емес) қазақша кітаптар апарып, оқырмандарға тегін кітаптар ұсынуы (мүмкіндігінше жаңа, қызықты, сапалы кітаптар) керек. Жасөркендік тілшілер бұл эстафетаны мына кісілерге берді:

  1. «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек және оның командасына
  2. Оралдық тілші Жанайдар Болатбекұлы және оның достарына
  3. Астаналық ақын-жазушылардың «ТӘЖ» клубына

Эстафетаны қабылдаған кісі эстафетаны кімнен алғанын және кімге ұсынатынын (үш адам) жазып, әлеуметтік желілерде #kitapChallenge хэштегімен жариялауы тиіс. Ендеше, сәттілік, достар!

10904779_616529328492929_523614807_n

10966909_616529171826278_969285962_n

10967675_616529488492913_1277254817_n

10928691_616529725159556_760607997_n

Сізге ұнауы мүмкін...

8 пікір

  1. Шынар Анарбаева айтады:

    сонда біз барып оқысақ болады ғой?

  2. Жадыра Аққайыр айтады:

    бір кітап аласың, орнына міндетті түрде басқа кітап салып қоясың. Кітап алмасу)

  3. Шынар Адамбаева айтады:

    мә менде тек сабақтың кітаптары. үйде қалған кітаптарым жоқ болды мен кеткен соң :(

  4. Жадыра Аққайыр айтады:

    шама келсе, әдеби кітаптар апарған дұрыс деп ойлаймын. бір кітап сатып алып, (аса қымбат емес, баспалар үйінен сатып лауға болады), оны оқып тастап, келесі кітапты сол жерден алып, сөйтіп алмастырып жүре берсең де болады ғой

  5. Ернур Шукуралиев айтады:

    Керемет!

  6. Ізгілік Нағиев айтады:

    Өте жақсы бастама екен.

  7. inspiration айтады:

    сәлеметсіздер ме! сіздер қойған кітаптар қайжерде орналасқан? нақты орнын айтасыздар ма?

  8. inspiration айтады:

    сәлеметсіздер ме! сіздер қойған кітаптар қай жерде орналасқан? нақты орнын айтасыздар ма? парктің қай жерінде?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: