Ғафу Қайырбековтың ұлы «Қазақфильмді» басқарады

photo_148373«Қазақфильм» киностудиясының жаңа басшысы болып кинорежиссер, сценарист, аудармашы Бақыт Қайырбеков тағайындалды.

1970 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет инcтитутында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Советский Казахстан сегодня», «Қазақфильм» киностудиясында, көркем және телевизиялық шығармашылық бірлестігінде, Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің репертуар-редакциялық алқасында, Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының баспа орталығында жауапты қызметтер атқарған.

1979-1982 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында аспирант, 1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер жоғарғы курсының тыңдаушысы болған. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында, репертуарлық-редакциялық коллегияда, ақпараттық-баспасөздік орталықта, «Гала ТВ» киностудиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокомплексінде қызмет еткен.

Соңғы жылдары Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық етіп, әкесі ‒ қазақтың көрнекті ақынының  атымен аталатын «Ғафу» студиясының режиссері болған.

zhasorken.kz

 

 

 

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: