«Ақжелең» байқауы шақырады!

1b4e5d6b0aafcabedcabdef28b9d93b1Балалар, дәстүрлі ән-күй өнеріне қызығатындарың бар ма? Ал, қылқаламмен сурет салып, қолданбалы өнермен айналысатындарың ше? Ендеше, «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен өтетін «Ақжелең» атты байқауға қатысып, өз бақтарыңды сынап көріңдер. Дәстүрлі ән-күй мен жыршылық өнердің мәртебесін арттырып, қылқаламмен сурет салатын, қолданбалы өнерден болашағын көретін және бос уақытын шығармашылықтың көркем түріне арнаған жас жеткіншектердің талабын оятып, таланттыларға дем беру мақсатында ұйымдастырылатын өнер сайысынан тыс қалмаңдар.

логотип фондБайқау қараша айының 7-11 аралығында Бурабайда, «Балдәурен» РОСО-да өтеді.
Байқаудың номинациялары:
– Күйшілік өнер / домбыра және басқа да ұлттық аспаптарда
а) Төкпе күй ( Халық немесе қазіргі заман компози-торларынан)
ә) Шертпе күй ( Халық немесе қазіргі заман компози-торларынан)
– Ансамбль және оркестр
а) Ансамбль және оркестрге лайықталған екі күй
– Жыршылық өнер / ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен
а) Екі терме немесе толғау (халық немесе халық композиторларынан батырлар жыры және жыраулар шығармашылығынан.
Сыр бойы, Арқа, Жетісу, Батыс Қазақстан, Маңғыстау мақамдарымен)
– Дәстүрлі ән / қазақтың ұлттық аспаптарымен ән орындау
а) Халық әні немесе халық композиторларынан бір ән
в) Қазіргі заман композиторларынан бір ән
– Қолданбалы өнер жанры
Музыка аспаптарын жасау, ағаш ұстасы, сурет өнері, мүсін, көркемсурет, графика, батика, макраме, моншақпен өру, сәндік-қолданбалы өнердің барлық түрі және қолөнер бұйымдары, т.б

Байқаудың талаптары мен шарттары:

«Ақжелеңге» 6 жастан 17 жасқа дейінгі барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Оқушылармен бірге ұстаздар үшін де арнайы шеберлік сабақтары өтіледі.
Әр өнерпаз екі шығармамен қатысады. Шығармалар жанды дауыста орындалуы тиіс. Орындалатын туындының ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек. Қолданбалы өнер жанры бойынша қатысушылар байқауға бір туындымен қатыса алады. Туындыны таныстыру ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек. Балалардың өнерін елімізге есімдері белгілі өнерпаздар бағалайтын болады.
Өтініштер 2014 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады. Байқауға қатысатын талапкерлердің өтініштерін [email protected] электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Қосымша сұрақтар бойынша 87016307026 телефонына хабарласуға болады. Байқауда көріскенше, өнерпаздар!

zhasorken.kz

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: