Бибігүл Төлегеноваға Қайрат Нұртас неге ұнамайды?

Біраз күн бойы әлеуметтік желілерді шулатқан бір тақырып – Бибігүл Төлегенованың Қайрат Нұртасты сынауы. Бір жиын барысында Халық әртісі «біркүндік жұлдыздардың» қатарының көбейіп кетке-нін айтып еді. Әсіресе, Қайрат Нұртастың аты аталғанда: «Мен оны тыңдамаймын және мойындамаймын» – деп, оны дарынсыз санайтынын жеткізді. Осы орайда концерт алдында Қайраттың анасының пікірін біліп едік.

Гүлзира ҮСЕНҚЫЗЫ: «Біз бүкіл халықтың сүйіктісіне айналған Бибігүл апамызға қарсы дау айта алмаймыз. Қайрат сынды қаншама жас өнерпаздар сол кісілерге қарап өсіп келеді. Бірақ, жас баланың еңбегін мүлде жоққа шығарып айтқаны жөн де емес-ау. Меніңше, Бибігүл апамыздың мұндай пікірге келуіне Толқын Забированың әсері болған сияқты. «Саз әлемінде» әнші Забирова Қайраттың өнері мен кәсібилігіне біраз сын айтқанын білесіздер. Бибігүл апамыздың қасында жиі жүрген соң, Қайрат туралы өз пікірін үнемі айтатын шығар, кім білсін. Қасыңда жүрген адамның әлдекім туралы пікіріне сеніп те қалатынымыз жасырын емес қой. Әйтпесе, Бибігүл Ахметқызы Қайраттың шығармашылығымен соншалықты таныс та емес шығар, білмеймін. Ол кісі қазақтың аналарының бірі ғой, құрметтің бәріне де лайық. Осы концертімізде Қайрат «Ана» туралы әнін орындағанда, Бибігүл апамыздың да бейнесін қазақтың белгілі де үлгілі аналарының қатарына қосып көрсетеміз», – деді. «Бір күнге жоспарланған екі кештің біріне Халық әртісін арнайы шақырдыңыздар ма?» деп сауал қойып едік: «Өкініштісі, екі концерттің де алдыңғы ең сыйлы қонақтарға арналған шақырту билеттерін таратып жіберіппіз. Содан ол кісіні осы жолы шақыра алмай отырмыз, әйтпесе ойымызда бар еді», – деп ағынан жарылды продюсер.

Қарлығаш ДОСАНОВА
(«Ұлан», №40 07.10.2014)

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: