Толқын БОЛАТБЕК, «Ел аузында» бағдарламасының жүргізушісі, журналист: «Базардан да киіне беремін…»

Сән мен стильге келгенде, көпшілігің теледидардағы танымал аға-әпкелеріңе еліктейтіндерің белгілі. Олардың киім киісі, аксессуарлары мен әшекей бұйымдары, әсіресе, қыздар қауымы үшін ерекше қызық. Осыны ескеріп, жас журналист, «Астана» арнасындағы «Ел аузында» бағдарламасының жүргізушісі Толқын Болатбекке бірнеше сұрақ қойған едік. Жағымды дауысы мен биязы мінезі арқылы бүгінде жұртшылықтың жүрегіне жол тауып үлгерген бойжеткен былайша жауап берді:
– Толқын, киім киюде көбінесе қандай стильге басымдық бересің?
– Классикалық үлгіде киінгенді ұнатамын. Спорттық киімдер мен джинсы менің талғамымдағы киім емес.
– Гардеробыңда қай түс көп кездеседі?
– Қара, қызыл, көк. Неге екенін білмеймін, осы үш түсті қатты жақсы көрем. Бұл «әлсіздігімді», тіпті, сыныптастарым мен курстастарымның бәрі біледі (күліп).
– Қымбат бутиктерден киінесің бе?
– Жоқ. Мен үшін киімнің маркасы маңызды емес. «Неғұрлым қымбат болса, соғұрлым сапалы» деп айтып жатады кейбіреулер. Қымбат дүниенің де сапасызы, арзан заттың да көпке жарайтындары бар. Қымбат бутиктерге жиі барам деп айта алмаймын. Базардан да киіне беремін. Бастысы, киім өзіме ыңғайлы әрі сапалы болса болды.
– Жиі боянасың ба?
– Түсірілім болатын күні ғана. Былайғы кездері мүлдем боянбаймын.
– Ізіңді басар сіңлілеріңе айтатын қандай кеңестерің бар?
– Жастарына сай киінсе екен деймін… Әркімге бір еліктеп, ерте есеюдің қажеті жоқ.

Дайындаған Ботакөз ИКРАМОВА
(«Ұлан», №40 07.10.2014)

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: