«Айнұрдан басқамыз тамақ істемейтіндей!..»

3ac962dd96cca44e4a1f6603cc69d764«Теледидарды қосып қалсаң – Айнұр, инстаграмды ашып қалсаң – Айнұр. Одан басқамыз үйде тамақ істемейтіндей-ақ!.. Мақтанғанның да жөні бар емес пе? Оразаның кезінде тіптен «асқынып» кетті ғой, «бүгін мынандай тамақ істеп жатырмын», «кешке мынандай тамақ болады» деп, әбден жынға тиіп бітті». – Редакцияға қоңырау шалған бейтаныс әйел адам осыны айтты да, тұтқаны тастай салды. Мән бермегенбіз. Әрі одан бері біраз уақыт та өтіп кеткен. Оның үстіне, үлкен-кіші «айтыстың Айнұры» деп сыйлайтын ақынымызға соқтыққымыз да келмеген. Бірақ, назар аудармайын десең де аудартатын нәрселер болады екен…
Ілуде бір қарайтын теледидарға көзім түсіп кетті. Айнұр әпкеміздің аспаздығы туралы әңгіме болып жатыр екен. Дастарқанын жайнатып қойыпты, қуанып-ақ қалдық. Қамыр қайнатып жатыр, басында орамалы, қалай риза болмайсың?! Қызды-қыздымен ақын қыз соғым туралы айтты. Бір соғым жетпейді екен. Мән бермедік. Тоңазытқышты ашты. Онысы да біреу емес, бірнешеу екен. «Мынау былтырғы қазы, мынау алдыңғы жылғы қазылар, міне, көрдің бе?» – дегенде шыдам таусылды. «Оны көрсетпесе не болады екен?» – деп күңк еттік. Былтырғы қазыны айтпағанда, өткен айдың айлығынан ет ала алмай қалып, тауықтың сорпасын ішіп жүрген ағайын-туған сол Айнұрдың өз айналасында да бар шығар-ау. Кезінде айтыс сахнасында елдің сөзін сөйлеп, елдің жағдайын айтып жүрген Айнұр қыз «тойып, төркінін танымай кетіпті» деуден аулақпыз. Бірақ, соны көрсетер алдында экранның бер жағындағы жұрттың да алуан-алуан күйде екенін бір ойлап қойса артық болмас еді. Онымен тоқтаса жақсы ғой, бір жолы көлігін көрсетіп жатыр екен. Енді бірде аумағы атшаптырым үйін аралатып жүргенін байқап қалдым. Ал әлеуметтік желіде Айнұр апамыз – «мегажұлдыз». Тойға барғаны, киген көйлегі, ішкен тамағы, тіпті, сыйлаған сыйлықтарына дейін көз алдымызда. Отырғаны да, тұрғаны да, күлгені де сәт сайын алдыңнан шығып тұрады. Әр сәтін кадрға айналдырғысы келсе – ерік өзінде. Бірақ қадірін қашырып алмауды да бір ойлап қойса дейміз. «Байдың асын қызғанған байғұс» болғымыз келмейді. Бірақ, әлеуметтік желінің әлеуметтік жауапкершілігі туралы ақын апамыз білмейді дегенге де сенгіміз келмейді.
maxresdefault (1)Жариялылықтың жөні осы екен деп, барымызды жайып сала беруді доғармасақ, күндердің күнінде «кіш» еткеніміз де, «кәк» еткеніміз де көпшілікке тарап кетпесіне кім кепіл?! Әлеуметтік желі деген, жалпы, жақсы болды. Ал теледидар – тәрбие құралы. Әркім өзіне керегін алады. Әркім өзінің санасының жеткен жеріне қарай әрқалай қабылдайды. Ал елдің алдында жүргендер, соның ішінде өнер адамдары сол елден өзін биік ұстамаса игі. Биік ұстамаудың қарапайым ғана бір түрі – өз-өзіңді ұстай білу, нені айтып, не айтпау керектігін ажырата білу. Әйтпесе, сүйкіміңнің кетуі әп-сәтте-ақ.
P.S.:  Бірде теледидардан Жадо есімімен таныс дизайнердің үйін көрсетіп жатты. Аяқкиімдерінің санын сұрап еді, «195» деп жауап берді. «195 болатын, жуырда Дубайдан тағы жеті туфли алып келдім, сонымен 202 болды», – деді. Дәл сол кезде алты баласы бар Әлия «үлкен екеуіне ғана аяқ киім алып беріп, одан кейінгі қызға үлкенінен қалған ескіні кигізсем, қалған үшеуін қайтер екенмін» деп ойлап отыр еді… Әрине, Әлияның алты бала тапқанына және оларды малындырып киіндіре алмай отырғанына Айнұр да, Жадо да кінәлі емес. Біреуді кінәлау туралы ой Әлияның басына кіріп те шықпайды. Бірақ, теледидардан осындайларды көрген сайын үй ішінде кішігірім бір ұрыс болады. Әлия содан шаршап жүр…

Жұлдыз ӘБДІЛДА
(«Ақ желкен», №9. 2014 жыл)

Сізге ұнауы мүмкін...

11 пікір

  1. Дәулет Серікбаев айтады:

    Жұлдыз апай шын айтады.

  2. Ғазиза Құдайберген айтады:

    Орынды.

  3. Ерқанат Тәукебай айтады:

    ойымыздағыны дөп басыпты.өткен замандағы ақындар қандай қадірлі еді.Қаз атақты ақын тойыңды басқарып жатса оған жекіріп сойлеуіңе болады.себебі сен ақша толеп тұрсың.Ақыннан қадір кетті

  4. Жадыра Темірғали айтады:

    орынды… Көреалмаушылық емес, адам , оның ішінде әйел адам сәл жұмбақтау болғаны дұрыс ақ, әр қадамын салуын мен де ерсі көрдім, дәл осыны мен де көргенмін, үйіне Гүлнұр Оразымбет тағы біреу қонаққа келіп тамақ жеген сәтін сол сәт суретке түсіріп инстаграммға салып, әрі қарай тамағын жеп жатыр…

  5. Жандос Жумабеков айтады:

    Жөн сөз, асқындырмай айтып отыру керек. Бұған Айнұр ренжімес, басқаларғада сабақ.

  6. Гүлжайнар Мұхтарова айтады:

    Жұлдыз дұрыс айтты.

  7. Бакытгуль Макимбай айтады:

    Өте дұрыс мәселе екен, онсыз да аттары мәшһүр «жұлдыздар» елдің алдына шығып, тамақ әзірлегенді мақтан көргендері көңілге қонбайды

  8. Дариға айтады:

    Менің көкейімдегі көптен жүрген ойды дөп басыпсың Жұлдыз ханым ! …Бүкіл әншілер сол Айгүлдің үйіне барады екен Астанаға барғанда…Туиттерде бәрі мақтап,көтіне көпшік қойып жатады,түсінбеймін сол жағымпаздықты…Маржан бір рет,сіздің үйдегі отаға-нағыз еркек,депті. Сол жұмбақ Айнұр айтқан «Деловой человек» кім болды екен ? Елден жасырып атын айтпайтындай не гәп бар ?

  9. Kazakh айтады:

    Ote duris aitilgan. Sol Ainurdi jelimnen 1 ai buriin oshirip tish taptim. Jahsi ahin dep silaushi edim endi ittin etinen jek korem soni. Anandai ahinin hurisin ui almaidi ei, facebookke hoyatin suretterin korsender goi ozin ui alasin auzin hisatama, kozin hisaitama halai bir suikimsiz. Ozi bolganda keremet korinip turmin deitin shigar mumkin, eshxandai ulgili narse joh. Hita jetkinshekterge jaman ulgi korsetip keledi. Sondai adamdardi basxasi harap osedi goi. Ai haidam osini Ainur ohip ahilga kelse de. Juldiz jurekti eken rahmet sagan. Sagan Ainur renju emes sagan rahmet aituga tyisti. Dos jilatip shinin aitadi. Osindai shindi aitatin adamnin barinada shukir!

  10. Kazakh айтады:

    Eger Ainur keshirim surap ahilga kelse nagiz kazakhi hiz boladi onda buringi husap silaimiz, kazakhtin bir erke hizi bolip otedi, al kelispei soz shigarsa onda jaman. Ademi anin, aitisin tindagimiz keletini shin, oneri jaginan aitarim joh. Sol onerge sai keleshek hizdarga ulgili apke bolsa eken deimin. Bul Ainur kane emes ozin juldizbin dep oilaitin kop adamga sabah. Ainur kane emes juldizbin dep jurgenderdin keibirin korip jurmiz goi TVden kigen kyimin, soilegen sozin…

  11. Айша айтады:

    Туиттерда озин таныстырып жазганына орай Нурым Ыскак деген жауап жазыпты: бир ақынның сау болса тил мен жағы, мың адамның айтылар мұң мен зары. Мұң мен зарды білмеймин айтылып жүр, Айдың Нұры ас-уйнин ұн мен наны!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: