Манту сынамасы неге жасалады?

Балалар, сендердің бәріңе де манту сынамасы жасалған болар? Ал ол не үшін жасалатынын білесіңдер ме? Және манту неге ісінеді? Біз осы сауалдарға орай Қазақ ұлттық медицина университетінің эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы Мейрамкүл Ғаббасовадан жауап алған едік. Ал, балалар, бұл жөнінде де біле жүріңдер.

Манту – туберкулездің алдын алу үшін жүргізілетін сынама. Ол келесідей мақсатта қолданылады:
1) Туберкулез микробактериясы алғаш рет жұққан және туберкулин сынамасы оң (яғни, қауіпті) нәтиже көрсеткен адамдарды анықтау үшін;
2) ауруды ерте анықтау үшін.
Манту сынамасының нәтижесін қалай анықтайтынын көрген боларсыңдар, балалар? Оны 72 сағаттан кейін ісіну (папула) көлемін миллиметрмен өлшеу арқылы анықтайды. Ісінудің білек осіне көлденең келетін мөлшері тіркеледі.

Манту сынамасының нәтижелері

1. Теріс (сау адамға қатысты нәтиже) – ісіну көлемі 0-1 мм;
2. Күмәнді –2-4 мм болса;
3. Оң (ауру белгісі бар) – 5 мм артық (ісіну белгісі) және одан астам диаметрлі инфильтрат (ісіну) анықталса;
4. Гиперергия (қызару, домбығу) – балаларда диаметрі 15 мм және одан астам, жасөспірімдерде – 17 мм және одан астам, ересектерде – 21 мм және одан астам;
Манту сынамасы бойынша туберкулинге сезімталдықтың өзгеруі байқалса, туберкулез жұқпасы жұққандығы бар деген қорытынды жасалады. Яғни:
1) алғаш рет оң нәтиже анықталса (папула көлемі 5 мм және одан астам);
2) көлемі 12 мм және одан астам инфильтраты бар реакция ұзақ уақыт бойы сақталған (4-5 жыл бойы) жағдайда;
3) 1 жылдың ішінде туберкулинге сезімталдығы күрт өзгерген (6 мм және одан астам) жағдайда (туберкулин сынамасы оң болған балаларда).

Манту сынамасы жүргізілетін балалар:

1) «қауіп» тобындағы балалар (жиі ауыратын, иммунитеті төмен);
2) туберкулез ошақтарында-ғы балалар мен жасөспірімдер.
Манту сынамасы 6 жасар (1-сынып) балаларға мектепте оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) жүргізіледі. Мектептерде бұл айда басқа егулер жүргізілмейді.

Манту сынамасын жүргізуге болмайтын жағдайлар:

1. Тері аурулары, жедел және созылмалы жұқпалы және соматикалық аурулардың (эпилепсияны қоса) өршу кезеңі. Манту сынамасын ауру басылғаннан кейін екі айдан соң жүргізуге болады;
2. Аллергиялық жағдайлар, жедел және жеделдеу фазадағы ревматизм, бронхиалды астма, терілік көріністері айқын өршу кезеңіндегі идиосинкразия. Бұл жағдайда да манту сынамасын ауру басылғаннан кейін екі айдан соң жүргізуге болады.

Қарлығаш ДОСАНОВА
(«Ұлан», №38 23.09.2014)

Сізге ұнауы мүмкін...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: