Қазіргі кезде жүзімді жыл бойы сатып алып жеуге болады. Жүзімде денсаулық үшін пайдалы зат көп. Әсіресе глюкоза мен калий тұздары мол. Жүзім су-сілті алмасуын күшейтеді. Демек, ағзаны зәр қышқылынан тазартып, зәр шығару жолдарында тас және құм пайда болуынан сақтайды. Жүзім тердің шығуына да, ішек жолын жұмсартуға да жағдай жасайды. Халық емінде бүйрек ауырғанда, бауыр мен өт қабында тас пайда болғанда, подаграда, созылмалы гастритте, іш қатқанда да жүзім жеуді ұсынады. Жүзімді жүйелі пайдалану қан қысымының қалыпқа түсуіне, қандағы холестериннің азаюына, жүрек бұлшықтарын күшейтуге, жалпы қан айналымын жақсартуға септігін тигізеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз