Жадыңда жүрсін, жас тілші!

Журналист болсаң –
Жасқаншақ болма.
Жақсы жазсаң да,
Мақтаншақ болма.

***

Газеттің сөзі өткір,
Тілшінің көзі өткір.

***

Хаты көп газеттің – қанаты көп,
Тілшісі көп газеттің тірегі мықты.

***

Шын асылды тот баспайды,
Шынайы журналист шоқ баспайды.

***

Журналист болсаң – жүрдек бол.

***

Жақсы тілші – жақсылықты көтереді,
Жаман тілші кемшілікті ғана көреді.

***

Аспанда қыран көреген,
Елде тілші көреген.

***

Тілшінің тілі жұмсақ,
Қаламы қатты.

***

Үйді бұзу оңай, үй салу қиын,
Мақаланы жазу оңай, жазу қиын.

***

Мақаланың көлеміне қарама, мазмұнына қара.

***

Сергек журналист сезгіш келеді.

***

Газет – айна,
Оны оқыған – пайда.

***

Жол азабын журналист көреді.

***

Қаламын жоқ журналист
Құрығы жоқ жылқышымен тең.

***

Шаруа – сүйменінің күшімен,
Журналист қаламының ұшымен.

Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ,
Қазақ журналистикасы қаһармандарының бірі,
Қазақстанның халық жазушысы,
«Ұлан» газетінің 1948-49 жылдардағы қызметкері

«Ұланның» мұрағатынан

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз