Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті мен «Ұлан» газетінің «Журналист болғың келе ме?» атты дəстүрлі форумы биыл да жалғасын табады. Ғылыми шығарма байқауын ұйымдастыруға М.Барманқұлов атындағы телестудия мен «Əл-Фараби» интернет радиосы да атсалысып отыр.

Бұл байқаудың мақсаты мен міндеті айқын – республиканың түкпір-түкпірінде білім алып жүрген дарынды оқушыларды журналистикаға тарту, ынталандыру, ақпараттық қолдау көрсету.

Байқау «Көсемсөз құдыреті», «Мультимедиалық журналистика», «Медиа жəне ақпараттық сауаттылық» номинациялары бойынша өтпек.

Байқауға Times New Romаn қарпімен, 12-кегльмен терілген материалдар қабылданады. Көлемі 5 беттен аспауы керек. Ұсынылған жұмыста шығарма мəтінінен кейін оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, елдімекен атауы, облысы, таңдалған номинация жəне электронды адресі болуы міндетті.

Байқау жөнінде қосымша мəлімет қажет болса, 8 (727) 377-33-34 (ішкі тел: 1351) телефон нөміріне хабарласып білген жөн. Ал материалдарды alma_kurmanbaeva@mail.ru,  maykotova.galyiya@gmail.com, npulan@mail.ru электронды пошталарына жолдау керек.

Материал сауатты жазылуы тиіс, тақырыптың ашылуы мен ой дəлдігіне де назараударылады. Өзекті мəселе көтерген мақалаларға басымдық беріледі. Материалдарды қабылдау биылғы 25 наурызға дейін созылады. Ал жеңімпаздар 28 наурыз күні Жас тілшілер форумында марапатталады. Қосымша мəліметтерді www.youngreporter.kz, www.jurfak.kz сайттарынан алуға болады.

«Ұлан» газеті, №9
27 ақпан 2018 жыл

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз