Орынбек Жəутіков атындағы XV халықаралық олим- пиада мəреге жетті. Биыл дəстүрлі білім бəйгесінде бақ сынағандардың қарасы көп. Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқу- шысы Санжар Мəжит алтын медальге ие болғанын естіп, қуанып қалдық. Ол үшіншіде оқып жүргенде-ақ білім бəйгелерінде топ жарған. Телефон арқылы құттықтап, əңгімеге тарттық…

Ұлан: Санжар, жеңісің құтты болсын! Олимпиада қалай өтті?

Санжар: О.Жəутіков олимпиадасына үш пəннен 18 елден 540-қа жуық бала қатысты. Соның 250-і математикадан бақ сынады. Сайыс екі күнге созылды. Геометрия, алгебра, сандар теориясы, комбинаторика бөлімдерінен күрделі есептер келді. 6 есеп берілді. Бірінші күні 3 есеп, екінші күні 3 есеп болды. Жарыстың ережесі бойынша 3 есепті 4,5 сағатта шығару керек. Есептер күрделі болғандықтан екі кезеңде де соңына дейін отырдым.

Ұлан: Математик болу үшін тұқымыңда есепке жүйрік бір адам болу керек деген түсінік бар. Отбасыңда кім есепке жақын?

Санжар: Жылдам есептеуге əкемнің қабілеті жақсы болған. Соған тартқан болуым керек. Бірақ əкем мүмкіндігі болмағандықтан білімін көрсете алмапты.

Ұлан: Бастауыштан-ақ білім сайыстарына жиі қатысқаныңды білеміз. Ең алғашқы жеңісің есіңде ме?

Санжар: 8-сыныпта оқып жүргенде Иранда геометрия олимпиадасы болды. Сол кезде үшінші орын алдым. Еуропа математика кубогінде де үшінші орын бұйырды. Сəтбаев атындағы олимпиадаға қатысып, бірінші орын алдым. Биыл күзде Иранда V геометрия олимпидасына тағы қатыстым. 40 ұпайдың барлығын жинап, бірінші орын алдым. Соңғы жетістігім – Жəутіков олимпиадасындағы алтын медалім.

Ұлан: Күніне қанша сағат есеп шығарасың? Жарыстарға қалай дайындаласың?

Санжар: Күнделікті үй жұмы- сына 1-2 сағатымды арнаймын. Олимпиадаға жыл сайын дайындалу керек. Жарысқа бір ай қалғанда күніне жеті сағат дайындалдым.

Ұлан: Еліміздің үш жоғары оқу орнынан шақырту алыпсың. Қай университетте біліміңді жалғастырғың келеді?

Санжар: Керемет мүмкіндік ұсынған ұйымдастырушыларға рақмет! Бірақ ешқайсысында жалғастырғым келмейді. Мектепті бітіргеннен кейін шетелге оқуға кетемін. Шетелге түсу үшін ҰБТ-ның керегі жоқ. Қазір ұлттық тестілеуге емес, халықаралық емтихандарға дайындалып жатырмын. Ұстазым Қымбат Қапатаеваға алғыс айтамын. Олимпиадада жеңіске жетудің құпиясы – тəжірибеңнің мол болуы. Түрлі кітаптардағы есептерді шығарамын. Аптасына 20 сағат уақытым есеп шығарумен өтеді. Сонымен қатар мұғаліммен дайындаламын. Бастысы – өзіңіз ұнатқан іспен айналысқан жөн. Бір күні нəтиже беретінін анық. Күрделі есептерді көп шығарсаң көзің үйреніп, жаттығады.

Ұлан: Оқушылар дайындық кезеңінде теледидар мен смартфоннан бас тартады. Өзіңе қандай шектеу қойдың?

Санжар: 4-сыныптан бастап теледидар көрмеймін. 3-сыныпқа дейін уақытым теледидар қараумен өтетін. Содан кейін уақытым көп болды. Оны есеп шығаруға, достарыммен сөйлесуге, білім алуға жұмсадым. Жаңалықтарды интернеттен оқимын. Бос уақытымда кітап оқығанды жақсы көремін. Ағылшын тілімді дамытамын.

Ұлан: Қай салада қызмет істегің келеді?

Санжар: Жазда репетитор болып жұмыс істедім. Дүниедегі ең қызық жұмыс – балалармен бірге сабақ оқу екен. Балалардың күн сайын ақылды болып келе жатқанын көргенде қатты қуандым. Олардың шын жүректен білдірген ризашылығы төбемді көкке жеткізді. Болашақта бағдарламашы немесе информа- тика пəнінің мұғалімі болғым келеді. Канада мен Қытай жоғары оқу орындарының біріне түсуді ойлап жүрмін. Халықаралық IELTS емтиханын биыл жазда тапсырамын.

Ұлан: Ендеше, сəттілік!

Əңгімелескен
Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА

«Ұлан» газеті, №6
5 ақпан 2019 жыл

1 ПІКІР

  1. Құрметті редакция алқасы! Республикалық деңгейде жұмыс жасағандықтан, журналистің шеберлігі де сол деңгейге сай болғаны дұрыс! Сұхбаттың татымды да тартымды, Əдемі де əсерлі болуы тілшінің кəсібилігіне байланысты. Республикалық баспасөз, төртінші билік өкілі жəне ЖУРНАЛИСТ деген дардай атақтарыңызға сай болыңыздар! «Əкемнің мүмкіндігі болмағандықтан білімін көрсете алмапты»- деген сөйлемді түсіну де, қабылдау да қиын! Айтылған сыным орынды əрі жүйелі деп ойлаймын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз