Ресейдің Ханты-Манси автономды аймағында əйелдер арасында əлем чемпионаты өтіп жатыр. Ел намысын бірнеше шахматшы қыз қорғап жатыр. Он төрт жасында гроссмейстер атанған Жансая Əбдімəлік ¼ финалға шықты. Қазақстанның шахмат тарихында мұндай көрсеткіш болмаған.

«Ересектер арасында қатысып жатқан алғашқы чемпионатым. Маған оңай болмайтынын түсіндім. Себебі қарсыластарым тəжірибелі, титулы көп спортшылар. Ең бастысы, тəжірибе жинаймын. Бұған дейін жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгілердің арасында əлем чемпионатында жеңгенмін. Келесі жолы финалға тай-брейксіз өтуге барымды саламын. Елімнің туы шахмат олимпиадасында желбірейтініне сенімдімін», – дейді Жансая.

«Угра» шахмат академиясында əлемнің 29 елінен 64 спортшы Əлем чемпионы атануға таласады. Жарыс нокаут-турнир жүйесі бойынша өтуде. Яғни, ойыншы бір рет жеңілсе, жарыстан шығып қалады. Əр раунд сайын қатысушылардың саны екі есе азая береді. Əр ортада екі партия ойналады. Егер есеп тең түссе, тай-брейк (шахматтың тез ойналатын блиц түрі немесе армагеддон) ұсынылады. Ақтық сында төрт партия ойнайды.

Дүбірлі додада Жансаямен қатар Динара Сəдуақасова мен Гүлсхан Нахбаева да сынға түсті. Динара екінші раундта болгариялық шахматшыға жол берсе, Гүлсхан
бірінші раундта ресейлік шахматшыдан ұтылып қалды.

Жеңімпаз шахматшылар келесі жылы Қытайда өтетін əлем чемпионатына қатысады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз