Тұрсынбек Қабатовтың бастамасымен «Көңілді тапқырлар алаңы» жобасы шыққан болатын. Бұл – «жайдарманшылардан»  құралған топтар. Бұрын «Жайдарман» десе, жеңіл күлкі, арзан əзіл ойға оралатын. КТА ойынын алғаш көргенде байқағаным, «Жайдарманның» өзіндік орны бар жəне онда мықты əзілдер де аз емес екен. Жүйріктердің жүйрігі жиналған бəсекеде елімізде болып жатқан түрлі жағдайлардың астарлы əзілмен жеткізілетіні ұнайды.

Бір «əттеген-айы», ойынды қорытындылап, əділ төрелік етуі тиіс қазылар  алқасы көп ретте əділін айта алмай қалатындай көрінеді. Сосын қазылар арасынан əншілерді емес, сатира мамандарын көбірек көрсек дейміз.

 

 

Көркем ЖҰМАХАНОВА,
№19 орта мектептің 11-сынып оқушысы.
Жақсықылыш кенті,
Арал ауданы,
Қызылорда облысы

«Ұлан» газеті, №44
31.10.2017

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз