Ағылшын тілі сабағымыз біраз уақыт үзіліп қалғанын байқап жүрген боларсыңдар, балалар. Дегенмен, ағылшын тілін «Ұланмен» бірге үйренуді əрі қарай жалғастырамыз. Өздеріңе үй тапсырмасын да əзірледік. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылардың жауабын газет бетінде жариялап отырамыз. Ал бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Созылмалы өткен шақ. Ағылшынша оны Past (өткен) Сontinuous (созылмалы) деп атайды.

Бұл шақтың қарапайым өткен шақтан (Past Simple) айырмашылығы – өткен шақта орындалған іс-əрекеттің жүзеге асырылу процесін баяндайды. Алдыңғы сабағымызда түсіндіріп өткеніміздей, ағылшын тілінде to be етістіктері бар. Ол қазақ тілінде жоқ болғандықтан тікелей аудара алмаймыз. Ол етістіктер есімдіктерден кейін қолданылады: am, is, are. Кез келген шақта созылмалы іс-əрекетті көрсету үшін осы етістіктер міндетті түрде пайдаланылады. Ал негізгі етістіктің соңына -ing қосымшасы жалғанады. Өткен шаққа келген кезде бұл етістіктердің өткен шағын пайдалануымыз міндетті. Көп оқушылар соны есінен шығарып алуы мүмкін. Тo be етістіктерінің өткен шағы былай өзгереді: am, is – was, ал are – were. Осыдан келіп Past Сontinuous-тің формуласы былай шығады:

I was

You/we/they were      +          етістік+ing

He/she/it  was

Мəселен:

Aierke was doing homework at 10 o’clock. – Айерке үй жұмысын сағат 10-да орындады.

Do – істеу

Homework – үй жұмысы, үй тапсырмасы

o’clock – сағат

at – шылаудың бір түрі (қазақ тілінде аудармасы жоқ).

Байқағанымыздай, Past Сontinuous-те бар болғаны was / were етістіктерін есте сақтап алуымыз керек. Өткен шақтың созылмалы түрінің хабарлы сөйлеміне мысал келтірдік. Сұраулы сөйлемі қалай болады екен? Əдеттегідей сұраулы сөйлемде to be етістіктерін сөйлемнің  алдына шығарып жібереміз:

Was Aierke doing homework at 10 o’clock? – Айерке сағат 10-да үй жұмысын орындап жатты ма?

Ал болымсыз сөйлем құрағымыз келсе, was / were етістіктеріне not-жұрнағын (жоқ) жалғап жібереміз.

Aierke was not doing homework at 10 o’clock. – Айерке сағат 10-да үй жұмысын орындаған жоқ.

Past Сontinuous формасын, өткен шақта екі əрекеттің бірдей уақытта болғанын баяндар кезде де қолданады. Мəселен:

They were drinking tea, when Elshat came. – Елшат келгенде олар шəй ішіп отырды.

They – олар

Drink – ішу

Tea – шəй

When – қашан? (кезде, шақта деп те аударылады. Бұл сөйлемдегі аудармасы осылар).

Came – келу (come-ның өткен шағы).

Past Continuous-та қолданылатын үстеулер іс-əрекеттің ұзақтығын білдіреді.

Əдетте, созылмалы өткен шақта мынадай үстеу түрлері қолданылады:

At that moment – сол сəтте;

That time – сол уақытта;

All the day/night/week – күні бойы/түні бойы/апта бойы;

One day ago/two days ago – бір күн бұрын/екі күн бұрын жəне тағы басқа.

Балалар, созылмалы өткен шақ тақырыбы сендерге түсінікті болды деп ойлаймыз. Біздің өтіп жатқан сабақтарымыз – ағылшын тілін меңгерудегі ең негізгі тақырыптар. Алда тілдің бұдан да күрделі құрылымдарын үйренеміз. Егер дəл қазір «Жеті жұрттың тілін біл…» айдарын түгел оқып, түсінбеген тұстарыңды бізге хат жазып немесе аға-əпкелеріңнен сұрасаңдар, онда ары қарайғы тақырыптарды да жеңіл меңгеріп кетесіңдер. Біздің электронды поштамыз бен редакцияның мекен-жайы газеттің соңғы бетінде көрсетілген.

Үй тапсырмасы:

Берілген етістіктерді Past Continuous формасына сай өзгертіп, бос орындарды толтырыңыз.

play   swim    feed    sleep   laugh

Yesterday we went to the zoo and saw there a lot of animals. First we went to see the white bears. They __________. Then we went to the cage with monkeys. There were a lot of children in front of the cage. They ___________ because a monkey in the cage ____________. After that we went to see the elephant. There was a man there.

He ____________the elephant. But we ___________  see much of the lions. They_______________.

Сендерге көмек болсын деп кей сөздердің аудармасын беріп отырмыз.

Жаттап алуды ұмытпаңдар!

Feed – тамақтандыру

Zoo – хайуанаттар бағы

A lot of – көп

Animal – жануар

The white bear – ақ аю

Cage – тор

Monkey – маймыл

In front of – алдында

Elephant – піл

A man – адам; ер адам

Lion – арыстан.

  1. жетіп алу – catch up
  2. озу – surpass
  3. артта қалдыру – leave behind
  4. қашып кету – escape
  5. қашып құтылу – fl ee
  6. ұстап алу – catch
  7. қашу – avoid

Судағы əрекеттер

  1. ағу – fl ow
  2. шөкпеу – fl oat
  3. жүзу – swim
  4. сүңгу – plunge

Ағылшын сабағында əр жаңа тақырыпты меңгергеннен кейін міндетті түрде  тақырыпқа сəйкес жаңа сөздермен танысу қажет. Балалар, тілдеріңді жаттықтыру үшін  төмендегі іс-əрекетке байланысты сөз орамдарын да беріп отырмыз. Оқып, жаттап жүріңдер!

Verbs of Movement

(Əрекет түрлері)

  1. қозғау (қозғалу) – move
  2. тоқтату (тоқтау) – stop
  3. жүру / бару – go
  4. домалату (домалау) – roll
  5. сырғанау – slide
  6. бұру (бұрылу) – turn
  7. бүгу, майыстыру – bend
  8. қол бұлғау – wave
  9. сілку (сілкіну) – shake
  10. тербелу – swing
  11. ұшу – fl y
  12. еңбектеу – creep
  13. жүзу – swim
  14. айналу – rotate
  15. шаңғы тебу – ski
  16. коньки тебу – skate

Ізіне түсу

  1. қуу – drive
  2. ізіне түсу – pursue

Бетті дайындаған
Көркем ӨМІРƏЛІ

«Ұлан» газеті, №45
07.11.2017

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз