Тас қопарар күші бар.
Өне-бойы шұп-шұбар,
Батыл әрі жүректі.
Жүрісі де тым епті,
Суреті де тым таныс,
Қара мұрты бір қарыс.
Бұл не?

(Барыс)

Тас тұяғы иілген,
Түлкі көрсе шүйілген,
Қорықпастан қасқырдан,
Оны қатты састырған.
Бұл не?

(Бүркіт)
Қоңырқай күзді
Қосатың жырға.
Қуантып бізді,
Қонатын қырға.
Бұл не?
(Тырна)
Жаңылмайтың уақыттан еш,
Ғо-қо-қ-о-оқ,- деп, ертелі-кеш,
Шақыратын.
Бұл не?
(Әтеш)
Дүр етіп,
Пыр етіп,
Көденің түбінен,
Ұшатын жұбымен.
Бұл не?
(Бөдене)
Әуенмен назды,
Ән қылып жазды,
Қаңқылдап көлге,
Қонатың көлбеп.
Ол не?
(Қаз)
Тұрысбек ЕДІЛБАЙ
«Балдырған» журналы, №5
Мамыр, 2018

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз