Ауа райы

Ми қайнатар ыстық – 40% С-тан жоғары қызған күн.

Ыстық (шіліңгір) – қатты қызған ауа райы.

Қапырық – тыныс тарылтар желсіз, аңызақ, ыстық.

Тымырсық – желсіз, тынық, жылымық күн.

Жылы – қоңыржай жанға жайлы.

Шуақты – күн сәулесі мол, жылымық күн.

Қоңырсалқын – салқын лепті, жылымық күн.

Май тоңғысыз – дене тоңазытатындай салқын, желсіз күй.

Салқын сабат – денені тітіркендіретіндей желемік күй.

Керімсал – күннің біресе ыстық, біресе суық болуы.

Суық – тоңазытатындай салқын күй.

Аяз – дене түршіктіретін, бет қаритын шыңылтыр суық.

Ызғырық суық – өңменіңнен өтетін желді қара суық.

Ызғар – аязы бет қарып, сүйектен өтер, өкпекті суық.

Үскірік (аяз) – бет қаратпас, «тіфу» десе, түкірік жерге түспейтін сары аяз.

 

Күн құбылыстары

Күн ашылды – жауын-шашын толастап, бұлт сейілді, аспан тазарды.

Күн айықты – ауа райы жақсарды, күн ашылды.

Күн байыды – күн ұясына кірді, күн батты.

Күн бұзылды – ауа райы бұзылып, жауын-шашынға ұласты.

Күн жадырады – ауа райы ашылып, жылы болды.

Күн жарқылдады – шақпақ шағып, найзағай ойнады.

Күн жауды – жаңбыр жауды.

Күн күйді – күн барынша, ысыды, шыжыды.

Күн күркіреді – найзағай жарқылдап, аса күшті дабыл, жаңғырық пайда болды.

Күн құйды – жаңбыр қатты жауды.

Күн құлады – түс қайтып кеш тартты.

Күн құлақтанды – күннің айналасы алауланып, қызыл-күрең түске бөленіп, мұнарланып тұрды.

Күн ысыды – күн жылынып, суықтың беті қайтты.

Күн шыжыды – күн барынша (қатты) ысыды.

Күн шуақты – күннің сәулесі, қызуы көбейді.

Дайындаған К.Оразбекұлы

«Ұланның» мұрағатынан

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз