Сырттағыларға еліктегіштігіміз бар, екіншіден оңай да көреміз – соңғы кезде таңертең бір кесе кофемен жүрек жалғап кете беретін әдет таптық. Бұл денсаулыққа айтарлықтай зиян. Таңертеңгі астың қуатты болғаны жөн. Бұл өзі онша қиын да емес – ботқа дайындау, әйтпесе омлет дайындау көп уақыт алмайды. Оған салат қосыңыз, сүт өнімдері де қажет-ақ. Кофені көк шәймен алмастырыңыз. Мұндай таңертеңгі астан ағзаңыз үлкен қуат алып, қандай жұмысты да жапырып істей аласыз. Ең бастысы – ағзаңызды әлжуаздықтан сақтайсыз. Бұл сіздің жалпы денсаулығыңызға керек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз