Халқымыз шаруашылық пен медениетте түр-түсті де ұмытпаған. Әр түске мән-мағына беріп, жасылды – жақсылықтың, сарыны – сарғаю мен мұңның, қызылды – жастық пен ізгіпіктің белгісі деп қараған. Өң, түр, түс, реңк, бояу деген сездер адамның, малдың, заттың тағы басқалардың түрін анықтауға қолданылатын мағыналас синонимдер. Соның ішінде адам мен малға байланысты айтылатын түстердің өзіңдк тәлімдік, ұғымдық, айырымдық ерекшелктері көп. Бұл да айтуға әңгімелеуге тұрарлық әңгіме. Бұған да тоқтала кетейік.

Адамға қолданылатын түстер: ақ, аққұба, сары, ақсары, ақсұр, қара, қарасұр, қараторы, бидай өңді, қызылшырайлы т.б.

Жылқы малын жоғары бағалайтындықтан болар, басқа мал мен заттарға қарағанда қазақ түр белгілері болса, жылқыға қасқа, төбел, кезіне қарап шөгір деген сияқты айырым белгілерімен күрең қасқа, тортөбел, шал-қасқа, шалқұйрық, ақжал, көк-шегір деген атауларды қосып айтады. Түркі халқы жылқының ақбозын өте ұнатқан. Ертеде патшалар, қолбасшылар ақбоз ат мінген. Бұл туралы Аристотель еңбектерінде де жазылған.

Түйе – түлік төресі болғанмен, оған айтылатын түстер өте аз. Мүмкін бұл түйе түсінік бірыңғай ақ және боз болатындығымен да шығар.

Сиыр түстері: ақ, көк, ала, қызыл, қара, шұбар, кер, қоңыр т.б.

Қой түстері: ақ, боз, ала, қара, қоңыр.

Ешкі түстері: ақ, ор (ор ешкі), жағал, ала, қара, көк.

Түр-түстерді қазақ ақ (ақшылт), қызыл (қызғылт), көк (көкшілт), боз (бозғылт), сары (сарғылт), сұр (сұрғылт), қара – қоңыр, жасыл – күлгін деп бөледі. «Ақшыл демейді, өйткені ақшыл деген сөз ақты – сүті, айранды жақсы көреді деген ұғымды білдіреді. Міне, осымен шатыстырмау үшін, тілге шебер халқымыз бұған «т» деген әріпті қосып, жаңа мағыналы сөз жасап жіберген.

Мал алыстан қарағанда бозарып көрінсе – «қылаң», қарайып көрінсе «баран» деп түстеген. («Алдыңғы ат баран болмай қылаң болды-ау. Ақан Сері).

Халық кейде түстерді теңеу, бейнелеу арқылы да береді. Айталық көкті – «аспан түстес», боз бен қоңырды – «жер түстес» деп те айтады. Әр заттың көзге көрінуіне сай «анық», «күңгірт» деген анықтауыш сөздерді де түсті анықтауға қолдана береді.

Бояу түстері жалпыға белгілі болғанмен, халық оны қолдануға, келгенде кейде басқа мағынада да айта біледі. Әсіресе, малға, жан-жануарларға байланысты айтылатын түр-түстерді дәл тауып біліп, үйренудің еш зияны жоқ. Бұл да ұлттық болмысымыздың бір тарауы деп білеміз.

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ,
жазушы, этнограф

«Ұлан» газетінің мұрағатынан

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз