Шайдың, әсіресе көк шайдың пай дасы туралы көп айтылады. Сөйтсе де оның зияны туралы да ескерген жөн.

Ашқарынға шай ішпеу керек. Ол суық шай болса, көк бауырға, асқазанға зиян. Қытайда мұны «бос жүрекке шай ішпе» дейді екен.

Өте ыстық шай тамақты, өңешті, асқазанды тітіркендіреді, ал ұзақ пайдаланғанда ауру да тудырады.

Ал тым салқын шай ағзаны түршіктіреді, қақырық пайда болады. Әр нәрсе ретімен екенін ұмытпайық.

 

Байқап көріңіз*

Тәтті сулардан, газдалған сусындардан бас тартып көріңізші. Түк те қиындығы жоқ. Шөлдесеңіз, оның орнына кәдімгі су ішіңіз. Ол да сусыныңызды қандырады, тіпті бал татиды. Сонда тәтті сулар мен газдалған сусындардағы зиянды заттардан құтылуыңыз өз алдына, оларды сатып алатын ақшаңыз (ол әжептәуір көлемде) қалтаңызда қалады.

«Қазақ күнтізбесі»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз