ҚАНА

Сұлу, сұсты түрі бар,
Балағында жүні бар,
Жеті жасар бүркітті
ҚАНА дейді, біліп ал!

СҮМЕ

Сүзбе, қатық, айранның,
Ортақ аты ақ болған.
Аққа аталар, қайранмын,
СҮМЕ деп те ат қойған.

ТЕБІЗ

Сайын далам – берекем,
Көрікті екен, кең екен.
ТЕБІЗ деген сондағы
Шөбі шүйгін жер екен.

СҮРЕК

Ағаш діңін қап-қатты,
СҮРЕК дейді халқымыз.
Одан жасау аспапты –
Біздің ата салтымыз.

Бағдат МӘЖИТОВ

«Балдырған» журналы, №5
Мамыр, 2018

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз