«Фонограмманы жою туралы Үкіметке хат жазсақ, Фейсбукте қанша адам қолдар екен, қане, көрейінші»…
Дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова өткен сенбі, 23 желтоқсан күні кешкілік Фейсбуктегі парақшасында осылай деп жазған еді. Арада бес тәуліктей уақыт өтті. Қазір қарасақ, 388 адам ұнатып, 210 адам бөлісіпті. Біраз адам пікірін білдіріп, қолдайтындарын айтып жатыр. Ал дәл осы жазбаны бөліскен белгілі журналист Бейсен Құранбектің парақшасында 1600 адам ұнатып, жұрттың дені қолдайтындарын айтқан.
Сәуле апайға хабарласқан едік. «Заң жағынан қалай болатынын білмей отырмын. Алдымен бір заңгермен ақылдасып алу керек болып тұр. Жұрттың дені қолдап жатыр. Бірді-екілі адамдар ғана «сол ғана жетпей тұр еді» дегендей пікір білдірген. Ал жалпы көпшілік қолдап отыр», – деп жауап берді.
Сәуле Жанпейісованың мұндай қадамға еріккеннен барып отырмағаны белгілі. Ал шынайы өнерге қызмет етейік, халтураның көзін құртайық деген бастаманы қанша адам қолдайтыны, мұның соңы немен бітетіні әзірге белгісіз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз