Ата-ана бұрышы

Баланың денсаулығы мықты болып өсуі үшін кішкентайынан шынықтыру керек. Бұл жерде бірнеше принципті ұстанған жөн. Ең бірінші принцип – бұл шараларды жайлап, біртіндеп жүргізу. Шынықтырудың жөні осы екен деп, үлкен адамдарға жасағандай, салқын немесе суық суға батыра салуға әсте де болмайды. Екінші принцип – тұрақтылық, бірқалыптылық. Бір апта шынықтырып, бір апта «демалуға» болмайды. Бұл баланың ағзасына әсер етеді. Біраз уақыт демалған дене шынықтыруды қайтадан бастауды талап кетеді. Мүмкіндігінше сондықтан да үзіліс жасамаған жөн. Үшінші принцип – шынықтырудың конфакторлығы. Айталық, тек салқынмен (суық) ғана емес, жылылықпен де шынықтыру керек; тек қана сумен ғана емес, ауамен де шынықтыру керек. Тек салқынға шынықтырсаң, ол ыстыққа шыдамсыздау болуы мүмкін; керісінше ыстыққа үйренген бала суыққа әлсіз болуы мүмкін. Ұстанатын тағы бір принцип – осынау шынықтыру шараларына баланың оң ықыласын қалыптастыру. Оны күліп отырып жасаса – ол тиімді; оны айқайлап, қорқытып, жылатып жасау – балаға басқа бір кесел, психологиялық салмақ түсіру кеселін жапсыру мүмкін. Су шарасын, айталық, душқа түсу, ваннаға түсуден кейін баланы үй температурасымен бірдей суға шомылдырасыз. 3-4 күннен кейін оны температурасын 1-2 градусқа түсіресіз. Тағы да 3-4 күннен кейін солай төмендетесіз. Бала сол температураны тітіркенбей, рахаттана қарсы алғанша төмендетуге болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз