Туриндік «Ювентус» сұрмергені Криштиану Роналду клуб басшылғына «Реалдың» жартылай қорғаушысы Каземироны сатып алуға кеңес берді.

Don Balon мәліметіне сүйенсек, тәжірибелі португал 26 жастағы бразилиялықтың команданы күшейтетіне және алдағы Чемпиондар лигасын жеңіп алуға көп көмегі тиетініне сенімді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Ювентус» басшылығы «Реалдың» тасқамал қорғаушысы Марселоны сатып алу мәселесімен айналысуда. Бұған да Роналду себепші болған. Себебі ол Марселоның ең жақын досы әрі бұрынғы әріптесі. Туриндік клуб оны 45 миллион еуроға сатып алуға дайын екендігін жеткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз