CIES Football Observatory зерттеу орталығының мәлімдесі бойынша «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімінде көш бастады.

19 жастағы француздың құны 216,5 млн еуро. Екінші орында «Тоттенхэм» мен Англия құрамасының сұр мергені Гарри Кейн (197,3) тұрса, үштікті «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар қорытындылайды (197).

CIES нұсқасы бойынша ең қымбат футболшылар тізімінің ондығында Мұхамед Салах («Ливерпуль», 173 миллион еуро), Филиппе Коутиньо («Барселона», 171,3 миллион еуро), Лионель Месси («Барселона», 170,6 миллион еуро), Рахим Стерлинг («Манчестер Сити», 164,6 миллион еуро), Ромелу Лукаку («Манчестер Юнайтед», 164,3 миллион еуро), Деле Алли («Тоттенхэм», 163,4 миллион еуро) және Антуан Гризманн («Атлетико», 157,7 миллион еуро) сынды футбол жұлдыздары бар.

Биылғы «Алтын допқа» үміткер Криштиану Роналду ондыққа кірмей қалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз