«Интер» клубының шабуылшысы Икардиге жазғы трансфер кезінде клубқа қош айтуы мүмкін. 

AS мәліметінше, 25 жастағы аргентиналық ойыншыға мадридтік «Реал» мен «Атлетико» клубтары қызығушылық танытқан. Олар Икардиді сатып алу арқылы команданың шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отырған көрінеді.

Ал transfermarkt.de сайтында футболшының трансферлік құны 100 миллион еуро екені жазылған.

Айта кетейік, Икарди былтырғы маусымда «Интер» сапында 19 ойын өткізіп, 9 гол соққан еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз