«Реал» басшылығы «Манчестер Юнайтедке» таңғаларлық ұсыныс жасады. Олар «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Маркус Рэшфордты сатып алуды көздеп отыр.

The Sun ақпаратына сүйенсек, корольдік клуб бұл маусымда Сульшер командасының сұрмергеніне айналған  21 жастағы ағылшын үшін «қызыл перілерге» 100 миллион фунт төлеуге дайын.

Сондай-ақ, корольдік клуб ойыншының айлық жалақысын өсіруге және команданың негізгі құрамындағы орнын нақтылап беруге әзір екендігін жеткізді.

Айта кетейік, Рэшфордтың «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты 2020 жылға дейін. transfermarket.de мәліметінше, оның трансферлік құны 58,5 миллион фунт.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз