Күні кеше ғана әйгілі футбол жұлдызы Криштиану Роналду 34 жасқа толды. Түрлі әлеуметтік желілер арқылы жан жақтан құттықтаулар жауғанымен, оны 9 жыл ойнаған «Реал Мадрид» клубы ғана құттықтамады.

Таң атқанна бастап футболшының туған күнімен «Спортинг», «Манчестер Юнайтед» және Португалия ұлттық құрамасы әлеуметтік желіде құттықтау тілектерін жазды. Одан бөлек ФИФА мен УЕФА-ның Twitter желісінде құттықтаулар жарияланды.

Корольдік клубтың бұл ісін жанкүйерлер түсіне алмай әлек. Шындығында «Реал Мадрид» Роналдудың клуб тарихы үшін еткен еңбегін жоққа шығарғаны ма? Клубтың әлемнің үздік сұрмергенін елемей қоюы жанкүйерлердің наразылығын тудырды.

Айта кетейік, футболшыны бұрынғы әріптестері арасынан Марсело мен «Боруссия» клубы жалға алған Ашраф Хакими ғана құттықтаған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз