Мадридтік «Реал» басшылығы бас бапкер Сантьяго Солариге сенім артады. Бұл туралы Cadena Cope жазды.

Аргентиналық маман клуб президенті Флорентино Переспен кездесіп, команданың жетістіктері жайлы әңгімелесті. Биылғы маусымда «Реал» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты және желтоқсан айында клубтық чемпионатты жеңіп алды. Қызметтен кету мәселесі маусымның екінші жартысына таман, егер команда жеңілістен көз ашпаған жағдайда ғана белгілі болады.

Айта кетейік, Сантьяго Солари мадридтік «Реалдағы» бас бапкерлік қызметін былтырғы жылдың қараша айынан бастады. 18 турдың нәтижесі бойынша «Реал» чемпионат кестесінде бесінші орында тұр. Корольдік клуб каталониялық «Барселонадан» 10 ұпайға қалып келе жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз