Ұмытқам жоқ әлi мен,
Барлығы да ойымда.
Балалардың бәрiнен
Шағын едi бойым да.

Тұрғанда да, сiрә, мен
Көрiнбеймiн партамнан.
Қасыма кеп мұғалiм,
Қақты бiрде арқамнан.

Жылы едi оның түсi де,
Жақын тартты мүлде ендi:
– Әлi-ақ үлкен кiсi боп
Өсесiң, – деп күлген-дi.

…Татып кәусар бұлағын,
Құнықтым мен ғылымға.
Айтқандай-ақ мұғалiм,
Өсiп келем, шынында!..

«Әлi-ақ, – деймiн,– өзiңдей
АДАМ болып шығамын.
Жiгерлi де төзiмдi,
Рақмет саған, мұғалiм!

Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ

«Балдырған» журналы, №9
Қыркүйек, 2018

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз