Копия балдырган+12-2016_2

Арманның ауылы қалаға таяу маңда. Қалаға қатынайтын көлік қат емес. Асфальт жол айнадай жарқырап екі ортаны əлдеқашан жалғаған.

Арманның ағасы – студент. Есімі – Мұрат. Алматыдағы техникалық универ-ситетте оқиды. Келешекте қол еңбегін автоматтандыру бағытында жұмыс жасайтын білікті маман болмақ.

Жазғы демалыста Мұрат ауылға келді. Үй ішіне мейлінше өз қолғабысын тигізді. Ұсақ-түйек малдарға қарады. Оларды күтіп, бақты. Құнарлы шөп, сапалы жеммен азықтандырды. Тіпті, кішкентай қарындасы  Ақлиманың күбісін пісуге де жəрдем берді.

Күбіні қолмен пісіп, айраннан май айырудың оңай еместігіне Мұраттың көзі енді ғана жетті. Сөйтті де, алдағы күндердің бірінде қалаға жол тартты. Дүкендердің бірінен кір жуғыш машинаның шағын моторын сатып алды. Үйге келіп, мотордың айналдырғыш механизмін күбі ішіндегі айранды айналдыратын тетікке бейімдеп қайтадан құрастырды.

Одан соң оны күбі бетіне орнатты. Моторды электр тогына қосқан сəтте баяу естілген гүріл күбі ішінен естіле бастады. Мұрат күбі ішіне үңілді. Айналдыру тетігінің айранды аса үлкен жылдамдықпен араластырып жатқанын анық байқады. Жарты сағаттан астам уақыт өткенде күбі бетінде сары майдың білеу-білеу қатпарлары пайда болды. Сəлден соң Ақлима күбі ішіндегі май түйіршіктерін бір-бірлеп жинастыра бастады. Сары майды қос алақанына толтырып алды. Өзі қуанышты. Ағасына, сары майға кезек-кезек қарайды. Арман да қол еңбегіне арналған күбіні ағасының өзінше автоматтандырғанына қуанышты.

Копия балдырган+12-2016_1

– Аға, – деді ол Мұратқа, – күбі автоматтандырылды. Ақлиманың жұмысы

жеңілдеді.

Ол бұл сөзін үлкен мақтанышпен жеткізді.

– Аға, – деді Ақлима. – Бұл жетістікті ЭКСПО 2017-де көрсетсек қалай болады?

Қарындасының үнінде балаң түсінік пен таңданыс барын Мұрат аңғарды.

– ЭКСПО 2017 дейсің бе? Оған, əрине, барамыз. Көрмеден бүгінгі табиғи қуат көздерін тиімді пайдалану жолдары мен əдіс-тəсілдерін көзбен көреміз. Сөйтіп, білген, көрген жетістіктерді орынды қолдануға тырысамыз. ЭКСПО-ның пайдасы мол. Елге де, жеке біздерге де, – деді ол үлкендерше пайымдап.

Содан соң:

– Ал қазірше күбінің қызметін жетілдіргеніміз үйіміздегі ЭКСПО-ның шағын көрінісі, – деді ол бетіне күлкі үйіріле.Арман ағасының табысына риза болып,

оның жанына жақындай түсті. Ақлима да күбінің жанынан көп ұзамай, екі қолымен оны аялап, сипалай берді.

Жетісай қаласы

«Балдырған» журналы, №12

Желтоқсан, 2016

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз