Айдана Қырықбаева – Ақтау қаласындағы № 21 мектептің түлегі. Бала кезінде Алматыда оқуды армандаған. ҰБТ-дан жоғары балл жинап, арманындағы қалаға кетуге күн санап жүрген кезі. Атыраудағы «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясының Бейжің қаласындағы Қытай мұнай университетіне шəкіртақы тағайындап жатқанын естиді. Оқу бағдарламасының шартымен танысып, конкурсқа қатысады. Сол күндерді қазір былай еске алды:

– Бағымды сынап көрейінші деген ой келді. Іріктеуден сəтті өттім. Ақтау қаласынан жеті оқушыны таңдап алды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Бейжің қаласында бір жыл бойы қытай тілін оқыдық. 2015 жылы оқыған тілімізден қорытынды емтихан тапсырдық. Тіл курсының қорытынды емтиханынан өткеннен кейін ғана 1-курсқа қабылдандық. Жеті студенттің үшеуі «геология» саласын таңдап, қалғаны «мұнай ісі» мамандығына түсті. Мен «мұнай тасымалы мен сақтау» мамандығын таңдадым. Биыл дипломды алып, оқуымды аяқтаймын, – дейді Айдана.

China University of petroleum – Бейжің қаласының Чанпин ауданындағы қытай мұнай университеті. Ұлы Қытай қорғанынан 15 шақырым жерде орналасқан. Университеттің ғылыми-зерттеу бағдарламаларының 80 пайызын Қытай ұлттық мұнай-газ кор-порациясы жəне ірі мұнай компаниялары қаржыландырады. Бүгінде университет 89 шетелдік университет, ғылыми-зерттеу институттары жəне мұнай компанияларымен серіктестік орнатқан екен. Ірі компаниялардың талапкерлер үшін тегін оқу грантын бөлетіндерін жөнді біле бермейміз. Айданадан
анық-қанығын сұрадық. Бізге іріктеу кезеңінің қызығы мен қытай тілін үйрену барысында кездесетін қиындықтары жөнінде де айтып берді.

– Сабақ қытай тілінде жүреді. Іріктеу Ақтауда өтті. Үш кезеңнен тұрды. Ағылшын тілінен ауызша жəне жазбаша тест тапсырдық. Екінші кезеңі – əңгімелесу. Үшінші кезеңде ҰБТ-да төрт пəннен жинаған ұпайың 75-тен кем болмауы керек. Қытай тілін үйрену оңай емес. Шыдамдылық керек. Бір жыл қытай тілін оқып, емтихан тапсырдық. Төрт деңгейді де алып шығу міндеттелген. Университет бітіру үшін бесінші деңгей, жұмысқа орналасу үшін алтыншы деңгейді біліп шығуың керек. Алғашында ағылшын тілінде сөйлегенде, жергілікті халқы түсінбейтін. Қызығушылық жəне ынта болғандықтан, екі-ақ айда қытай тілін меңгеріп алдық, – дейді білімді бойжеткен.

 

Мектеп формасы – спорттық киім

Қытай – мүмкіндігі мол ел. Екі ел арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айдананың айтуынша, мамандығында өзімен қоса есептегенде бес қазақ студенті оқиды екен. Қалған жүз студенттің барлығы қытай. Олар күн-түн демей оқи береді. Ғылым мен техниканы игеруге қабілетті. Өте еңбекқор жəне уақытты текке өткізбейді. Мектеп формасы – спорттық киім. Елдегі секілді ақ-қара түсті мектеп формасы міндеттелмейді екен.

– Сабақтан тыс уақытта студенттер бірнеше үйірмеге қатысады. Жұмыс істеп
жүргендер де бар. Студенттік өмір біраз нəрсені үйретті. Кішкентай кезімде тұйық
болдым. Жаңа ортаға келгелі жақсы дүниелерге бейімделіп, бойымдағы өзгерістерді байқадым. Бұрын жарыстарға қатысу, өзімді сынап көру мен үшін жат болып көрінетін. Ал қазір көптеген конкурста өзімді көрсете білдім. Халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатыстым. 2017 жылы маусым айында шетелдік студенттер арасындағы жүзу сайысының жеңімпазы болдым. Сол жылы қазақ, орыс, қытай, армян секілді ұлт өкілдерінің арулары бақ сынаған халықаралық сұлулар байқауында бақ сынап, бас жүлдені иелендім. 2018 жылы «Университет аруы» байқауын жеңіп алдым.

Айдананың айтқан жеңістеріне қуанып қалдық. Білімімен қатар еліміздің мəдениетін де сыртқа көрсетіп жүр. Өзінің айтуынша, студенттердің өмір сүру жағдайы жақсы. Ай сайын шəкіртақы да алады екен. Кеңірек өзі баяндап
берді:

– Университет кітапxанасы таңғы 8-ден кешкі 9-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Екінші курста оқып жатқан кезімізде Бейжің қаласындағы мұнай-xимия өнеркəсібі институтына апарып, 15 күндік тəжірибеден өттік. Қатты ұнады. Жатақханадағы студенттер 6-да тұрып, саябақта жаттығуларын жасап, таңғы асын асxанадан ішіп, сабағы болмаса да кітапxанаға барып, алда болатын емтиxан, сабақтарына дайындалады. Бірнеше халал асхана бар. Сол жерлерден тамақтанып, көп жағдайда үйден ас əзірлейміз.

Оларды таңғалдыру оңай емес. Сабақта қытайлық студенттерге бізден гөрі қатты талап қойылады.

Тегін оқу грантын жеңіп алып, өзге елде өзін дамытып, көзқарасы мен өмір сүру қағидаларын қалыптастырып жатқан Айдана шетелге шығудан қорықпау керектігін айтады. Ең маңыздысы – мүмкіндіктерді өткізіп алмау. Жақсы
адамдармен араласып, жақын достар табу. Сондай-ақ мақсатың айқын болып,
қорықпай, тəуекелшіл болу керек дегенді айтып қалды. Елге оралып, қытай
компанияларында жұмыс істегісі келеді екен.

Əңгімелескен
Нарқыз ЕРЕС,
СДУ студенті.

«Ұлан» газеті, №6
5 ақпан 2019 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз