…ұрпағым, сен тыңда!

– Біз де бала болдық. Бүгінгі өмірімізге іргетас болған жақсы нəрселер көп болды. Өмірде қателеспес үшін не істеу керек? Бала кездегі алтын уақытты жақсы  пайдалану қажет. Адам жан мен тəннен тұрады. Жанның азығы мен тəннің азығын қатар толықтыру керек. Мəселен, адамның бала кезінде табиғаттан алатын сыйы болады. Ол судың сыңғыры, жапырақтың дірілі, құстың шырылы… Осы қасиеттер адамның бойына орнығып, кейін қоршаған ортаға, туған-туысқа мейірін шашып тұруға негіз болады. Ал уақытымыз телефон немесе əртүрлі техникамен өтетін болса, есейгенде бала кезде керек дəрумендерді қайтадан ала алмаймыз. Есейгенде ол нəрсені алу мүмкін емес.  Əке-шешеге жақын болу. Олардың əрдайым жағдайын білу. Туыстық қатынасты қалыптастыра білген баланың əрдайым жолы болады. Ол елге де, жұртқа да пайдалы тұлғаға айналады. Ақсақал аспаннан жаумайды. Ел ағасын біреу жасап шығармайды. Балалық шағын жақсы пайдаланған, пайдалы нəрсемен толтырған бала ғана жақсы адам болады.

 

 

«Ұлан» газеті, №45
07.11.2017

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз