Мысыр ұлттық құрамасының және ағылшындық «Ливерпуль» клубының шабуылшысы Мұхамед Салах екінші жыл қатарынан Африканың үздік футболшысы атанды.

Үміткерлер тізімінде Салахтан бөлек, оның командалас әріптесі Садьо Мане мен  «Арсенал» клубының ойыншысы Пьер-Эмерик Обамеянг болған еді.

Айта кетейік, Мұхамед Салах 2017 жылы да Африканың үздік ойыншысы атанған болатын. Мысыр халқы оны тек футболдағы жетістіктеріне бола ғана емес, адамгершілік қасиеті үшін де жақсы көреді. Ол «Ливерпульға» 2017 жылы римдік «Рома» клубынан ауысты. Футболшының трансферлік құны  42 миллион еуроны құрады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз