Балалар, сенесіңдер ме, ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезов те футбол ойнаған. Мен оны сол кезде онымен бірге доп қуған, өзінің досы Салах Хисмутиллин ақсақалдан естігем. Сол кісіден темендегі оқиғаларды жазып алғам. Соны сендерге жеткізгенше асығып отырмын.

Ол былай. 1913 жылы тамызда Семей қаласында қазақ топырағында тұңғыш рет футбол командалары құрылады. Солардың бірі «Жарыс» деп аталады. Құрамында – қазақ, татар, өзбек балалары ойнайды. Жасы 15–20-дағы балалар.

Осы жасөспірім балалардың ішінде өздеріңнің ғұлама аталарың – Мұхтар Әуезов те болыпты.

Арнайы футбол алаңы жоқ. Ойын алдында алаңды өздері таңдайды. Өздері тазалайды. Көлемін, айып алаңын белгілейді. Осы алаңда шөшінеді. Қақпашы екі міндетті бірдей атқарады. Бірі –допты жібермеу болса, екіншісі  – киімдерді күзету. «Жарыстың» формасы  – қара трусы, жасыл майка. Әрине, форма бөріне бірдей жете бермейді. Кейбіреулері өз киімдерімен алаңға шығады.

Әрине, жарыстың аты  – жарыс. Анау-мынауды елеп жатуға болмайды. Намысты қолдан бермеу керек. Не керек, ойын басталып береді.

Орта бойлы, мығым денелі, еріндері бауырсақтай, қараторы бала – Мұхтар Әуезов ойында жартылай қорғаушы міндетін атқаратын. Оны ойынның қызған шағында ешкім танымай қалатын. Қимылына көз ілеспейтін. Өз қақпасы алдындағы қорғаныста доп үшін тайталаста басты тұлға болушы еді. Жекпе-жекте допты іліп әкетіп, дереу командаласына дәл бағьптайтын. Го-ол!.. Есеп 1:0…

Мұхтар мен сол қанаттағы шабуылшы Салах Хисматуллин құшақтаса кетіп, мере-сәре болушы еді.

Әрине, ол ойынға бірден келген жоқ. Алдымен өзінше доп қуып, шеберлігін шыңдап, футбол өнерімен кішкентайынан әуестенген. Команданың негізгі құрамыма алынып, көп құрметіне бөленуі де содан. Жаттығуға ерте келіп, кеш қайтатын. О қезде белгілі жаттықтырушы деген жоқ. Бұл – Мұхаңның көздеген мақсатынан аутқымайтын бірбеткейлігі, еңбеккерлігі. Болатын бала белгілі емес пе? Сонымен… «Жарыс» қалай құрылды?

О кезде Мұхтар Семейдегі бес жылдық гимназияда оқып жүрді. Команда ойыншылары табанды, шебер ойыншы болу үшін тек футболмен шектеліп қалуға   болмайтынын түсінді. Жеңіл атпетикамен үнемі шұғылданып, кір тастарын көтеруді әдетке айналдырды. Қысктүсе шаңғымен, конькимен сырғанау кестесі жасалды. Семей өңіріне қар қалың жауатын. Қарды тазартып коньки тебу, түрлі қашықтықта жарыс өткізу, жарыста озғандарға жүлде тағайындау осы «Жарыс» командасының бастамасымен дүниеге келді. Әрине, оларда да спорт формасы болмады.

«Жарыс» ең алғаш футбол командасы болып құрылды. Кейін спорт басқармасы міндетін де атқарды. Спорт құрал-жабдықтарын, форма сатып алу үшін мүшелік жарна төлеу ұйымдастырылды. Ұлт аспаптарынан іріктелген оркестрі де болды. Жасырын түрде «Жарыс» атты қабырға газеттерін шығарып тұрды. Өйткені, Ресей патшалығының. қаланың әкімшілігі басқа ұлт жастарының бас қосып тұруына қарсы болатын. Ал жазбаша газет олар үшіи таптырмайтын «көрнекі» құрал еді.

Мұндағы мақалалардың басым көпшілігін Мұхаң жазатын.

Әрине, аты дүрілдеп бара жатқан «Жарыс» футбол командасына еліктеушілер де аз болған жоқ. Қаладағы гимназияда оқитын купецтермен кәсіпорын қожаларының балалары да өздерінше оанда құрды. Үйбей жаттығу өткізіп жүрді. Олар «Жарысты» менсінбей шекесінен қарайтын. Кейін олар «Жарыспен» алғашқы кездесуде-ақ ойсырай ұтылды. Одан кейін де талай кездескен. Бір рет қана тең түсіп, қалғанының бәрінде жеңіліс тапқан.

Сөйтіп, «Жарыс» командасының мерейі күн санап өсе берген. Көрермендер өте көп жиналатын болған…

«Жарыста» Мұхаңмен бірге ойнағандар кім еді? Енді соған келейік:

Команда капитаны – Ахметсәлім Кәрімов. Сөзге жүйрік, ұйымдастыру қабілеті күшті. Арманшыл, жаңалық тапқыш. Балалар айтқанына шықпайды екен.

Юнус Нигматуллин. Жаттығу десе, жанып шыға келеді екен. Бойының тапалдығына қарамай, өзінен әлдеқайда денелі футболшылардан жопты тартып алуға шебер болыпты.

Әміржан Сыздықов. Өте жүйрік. Өңі қара болғандықтан, балалар оны «қара қазан» деп атап кеткен.

Ғабдулхан Ғаббасов. Қорғаушы. Аяғының қиықтығынан ұялып, алаңға үнемі шалбар киіп шығады екен.

Мұхаммедулла ҚҰрманов. Қорғаушы. Өте күшті жігіт болған. Алауда оны ешкім қағып та, итеріп те құлата алмайды екен.

Ғұсман Ямбушев. Жартылай қорғаушы. Жуас жігіт, үнемі күлімдеп жүреді екен. Алаңда одан қайратты, одан табанды жігіт болмаған.

Сабыржан Ахмелшиев – айтқанынан қайтпайды екен.Төрешімен сөзге келіп қала береді. Жұрт оны неге екені білгісіз «профессор» деп атап кеткен.

Қасымхан Мұхамедов – шебер ойыншы. Әрі тым қалжыңқой. Жұрттың бәріне ат тауып қойғыш еді.

Салах Хисматуллин – шабуылшы. Мұхаңның ең жақын сырлас досы болған.

Міне, Мұхағмен гимназияда бірге оқып, команданың негізін қалап, әрі ойыншысы болған жастар осы.

Иә, қазан төғкерісіне дейін  қазақ топырағында  тұңғыш құрылған «Жарыс» футбол командасы Қазақстан командасының алтын бастауы болды дегеніміз жөн.  Өкінішке орай кешегі жеріс жылдық    тоталитарлық режім қазақ жастарыныан ұлт командасын құруға мүмкіндік бермеді. Сол қалпы әлі де сақталып келе жатқан сияқты.

 

Сайын ТҰРСЫНОВ,
«Спорт» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары,
Журналист.

«Ұлан» газетінің архивінен
(№13. 1 сәуір, 1997 жыл)

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз