Каталониялық «Барселонаның»  жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо өзі туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, әзірге каталондық клубтан кеткісі келмейді.  Daily Mail мәліметінше сүйенсек, 26 жастағы бразилиялық арманынан бас тартпақ емес. «Барселонада» ойнау оның арманы болған. Ол командадағы орнын сақтау үшін барын салатынын айта отырып, БАҚ арқылы тараған нанымсыз қауесеттерге нүкте қойды.

Айта кетейік, өткен маусымда Коутиньо «Барселона» сапында 21 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі паспен көзге түскен еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз