Мамық – сүйкімді көжек! Өзі сондай өжет!

«Қоянмын» деп тұрған жоқ… Ешкімнен қорықпастан есігінің алдынан дүкен ашып қойды. Тіпті егіз қонжықтар Томпи мен Монтиды күзетші қылып жалдап алды…

Әртүрлі жеміс-жидектер мен жаңғақтардан тосап қайнатып, дүкен сөрелеріне тізіп тастады!

Еттартқыштан сәбіз, қызанақ, пияздарды өткізіп, бұрыш қосып тәтті салаттарды да жасап қойған…

Тәтті бәліш, самса, бауырсақтың да неше атасын әтті бәліш, самса, пісіріп, аспаздықты жайнатып жіберіпті.

Таң атпай сылаң қағып Түкең келді:

– Сәлем Мамық! Жаңа піскен дәмді не бар?

– Сәлем бердік, Түлкі апай! Мынаның бәрі жаңа піскен! Қайсысын салайын?

– Самса нешеден?

– Самса – 120, бәліш – 70, бауырсақтың килограмы – 700-ден, – деді Мамық.

– Маған 5 самса, 7 бәліш, жарты килограмм  бауырсақ және анау 500 теңгелік тосаптан екі құтысын бере ғой, – деді Түкең.

Қане, балақандар?! Кім есепке жүйрік? Түлкі қанша ақшаға сауда жасады?

 

 

Гүлмекен ТІКЕБАЕВА

«Балдырған» журналы, №8
Тамыз, 2018

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз