Туриндік «Ювентус» клубы жазғы трансфер кезінде кетуі мүмкін ойыншы Пауло Дибаланы алмастыратын қос ойыншыны тапты. Бұл туралы Tuttosport басылымы хабарлады.

Туриндіктердің көзі «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Иско мен қазіргі таңда мюнхендік «Бавария» сапында ойнайтын Хамес Родригеске түсіп отыр. Басылымның мәліметінше, «Ювентус» белгілі бір шарттар бойынша екеуін де сатып алуы ғажап емес.

Айта кетейік, Криштиану Роналду келгеннен кейін Дибаланың белсенділігі күрт төмендеп кеткен. 27 ойында аргентиналық бар болғаны 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген екен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз