Қазақ әдебиеті ауыр қазаға ұшырады… Бүгін 86 жасында көрнекті қазақ қаламгері, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шерхан Мұртаза дүниеден озды.

Шерхан Мұртаза – 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылында туған. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Республикалық баспасөз, радио, телевизия орындарында қызмет атқарған. «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, «Жазушы» баспасында, «Жалын» алманахы мен «Жұлдыз» журналының бас редакторы, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы болған.

Ш.Мұртаза – «Қара маржан», «Қызыл Жебе», «Ай мен Айша» романдарының, «Интернат наны», «Белгісіз солдаттың баласы», «41 жылғы келіншек» әңгімелерінің, «Бесеудің хаты», «Сталинге хат» сияқты драмалық туындылардың авторы. Ш. Айматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» шығармаларын қазақ тіліне аударған.

«Жасөркен» редакциясы жазушының отбасына, жақын ағайын-туыстарына һәм бүтін қазақ жұртшылығына қайғырып көңіл айтады!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз