Том Леффлер RingTV арнасына берген сұқбатында отандасымыздың 2018 жылғы жоспарлары туралы айтып берді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

«Менің ойымша біз келер жылы үш кездесу өткіземіз. Головкин алдымен мамыр айында, содан сон қыркүйек және желтоқсан айында жекпе-жек өткізетін шығар. Әрине, мамырда біз «Канеломен» екінші рет кездесуді ойластырып отырмыз. Бұл біздің басты мақсатымыз. Сонымен қатар Головкиннің карьерасын бір орында тұрып қалмау үшін қосалқы жоспарымыз да бар.

«Канелоны» мәңгілік күте бермейміз. Егер ол жекпе-жек өткізуге келісім бермесе, Головкиннің кездесуін қабылдайтын спорт кешендері бар. Менде қосымша жоспар да. Ол кезде GGG Джейкобспен екінші рет кездесуі мүмкін», – дейді Леффлер.

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

kaz.tengrinews.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз