Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген «The Worlds Best» шоуында өнер көрсетті, деп хабарлайды «Жасөркен» порталы.

Бүгін «The Worlds Best» шоуының Facebook желісіндегі ресми парақшасында Димаш өнер көрсеткен эпизодтан үзінді жарияланды. Онда былай жазылған:

🇺🇸 If you’re not a fan of Dimash already, you’re about to be. Get an exclusive sneak peek of his performance before tomorrow’s all-new episode.

🇰🇿 Егерде сіз Димаштың әлі жанкүйері  болмасаңыз, жақында боласыз. Ертең көрсетілетін эфирге дейін оның орындауындағы ерекше шолуды қараңыз.

Димаштың өнер көрсетуін сәрсенбі, 6 ақпан күні, Қазақстан уақытымен 7 ақпан күні тамашалай аласыз.

Айта кетейік, CBS телеарнасында The World’s Best жаһандық таланттар шоуы Димаштың соңғы байқауы. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Шоуға Димаштан бөлек талантты жас әнші Данэлия Тулешова да қатысып жатыр. Сондай-ақ әділ қазы алқасының құрамында қазақстандық продюсер, режиссер Hollywood Film Academy компаниясының негізін қалаушы Гауһар Нұртас бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз