Туриндік «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Пауло Дибала маусым аяқталған соң клубқа қош айтуы мүмкін.

Tuttomercato мәліметі бойынша, 25 жастағы аргентиналық ойыншыға «Манчестер Юнайтед» клубы қызығушылық танытқан. «Қызыл перілер» туриндіктердің «Янг Бойзға» қарсы болған ойыны кезінде тәжірибелі аргентиналықтың ойынын бақылаған көрінеді.

Айта кетейік, түнде өткен ойында «Ювентус» «Янг Бойзға» 1:2 есебімен есе жіберді. Бұл ойында туриндік клуб сапынан Пауло Дибала гол соқты. УЕФА Чемпиондар лигасының алтыншы турындағы «Үздік гол» иесін анықтау үстінде. Үміткерлер тізімінде туриндік сұрмерген Дибала да бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз